AlmaU 31: Университет жылдық қорытынды жасады
2019 жылдың 12 желтоқсанында Алматы Менеджмент Университеті көпшілік алдында «AlmaU 4 You»: Университет сен үшін, қала, кәсіпкерлік және ел үшін» атты есеп беру іс-шарасын өткізді.
Аталған іс-шараға қаламыздың белсенді тұрғындары, мемлекеттік сектордың басшылары мен қызметкерлері, парламент мүшелері, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық мекемелердің өкілдері, білім, өнер, мәдениет және спорт қайраткерлері, ғалымдар, қоғамдық пікір көшбасшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар бірлестіктерінің өкілдері, кәсіпкерлер, бизнесмендер, БАҚ өкілдері мен университет серіктестері жиналды.
Тағы бір қуанарлық жағдай бұл іс-шара Тәуелсіздік күні қарсаңында және университеттің 31-ші туған күнінде өтті. AlmaU ректоры Гүлмира Курганбаева және университет ұжымы мен серіктестер аталған есеп беруді төрт бағытта ұсынды, олар: қоғам, кәсіпкерлік, қала мен білім саласына үлес қосу болды.
Сонымен қатар қонақтар мен қатысушылар үшін залда арт-аймақтар безендіріліп, ұсынылды: Алматы кеңес кезінде, Алматы қазіргі уақытта, қонақжайлылық және тілек айту ағашы және т. б.
Іс-шараны Eurasia Center for People Management-тің Бас директоры, әлеуметтік-еңбек қатынастары, стратегиялық және дағдарыстық коммуникациялар, қызметкерлерді басқару саласындағы кәсіби маман Ербол Исмаилов жүргізді. Аталған шара AlmaU студенттерінің "AlmaU 4 You" қойылымы арқылы басталды. Кешке жиналған көрермендер бұл қойылымды жылы қарсы алды. AlmaU-дың көпшілік алдындағы есебі университеттердің үшінші миссиясының тақырыбы бойынша өткізілді. Қазіргі уақытта университеттің дәстүрлі қызметі – білім беру және зерттеу жұмыстарын ғана жүргізу -бүгінгі қоғамда ең үздік атану үшін жеткіліксіз болып отыр. AlmaU өзінің арнайы үшінші миссиясын дайындаған, ол-әлеуметтік бағыт, қоғамға қызмет ету, аймақтардың, қалалардың, қоғамдастықтардың дамуына үлес қосу, азаматтық белсенділік пен жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.
Гүлмира Курганбаева: «Университет дегеніміз-бұл ізденімпаз жастардың өмірде өз орындарын табу үшін тез арада, қарқынды түрде өзгерістер жасайтын орны».
Бұл күні халықаралық адамгершілік педагогика орталығының Вице-президенті, отбасылық және балалар психотерапия саласының маманы, 1000-нан астам семинар мен көптеген кітаптың авторы Марина Таргакова сөз сөйледі.
Марина Таргакова: "Уақытша кезеңде өмірдегі мәңгілік құндылықтарды іздеуіміз керек"-деді.
Ашық түрдегі есеп берудің төрт бағыты жайлы
AlmaU 4 community – Университет қоғам үшін
«AlmaU 4 community» бағытын Сергей Пономарев таныстырды, тәуелсіз журналист, Алматы қаласының қоғамдық кеңес мүшесі және университеттің «Ұлы Балқаш шақырады» жобасының қатысушысы, Шахан Жолдасбаев – AlmaU MBA бағдарламасының тыңдаушысы, «Шексіз мүмкіндіктер» грант иегері, «Пандус-ОК» компаниясының негізін салушы.
Журналист Сергей Пономарев: "AlmaU, экологиялық тұрақтылықты қолдайтын Университет бола отырып, еліміздің жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып бұл туралы сөз қозғады. Елімізде экологиялық мәселелер бар және оған жұртшылықтың назарын аудару керек, университет осы жағдайға байланысты көптеген жұмысты жүзеге асыруда".
Шахан Жолдасбаев: Мен университеттің «Шексіз мүмкіндіктер» грантын иеленіп, бизнес жүргізуге қажетті білімді алдым».
Барлықтарыңызды 2020 жылдың 14 ақпанында басталатын Балқаш мұз айдыны арқылы өтетін "Ұлы Балқаш шақырады" саяхатына шақырамыз.
AlmaU 4 entrepreneurship – Университет кәсіпкерлік үшін
«AlmaU 4 entrepreneurship» тақырыбын Сания Арапова айтты, ол- Тел-Авив университет достар ассоциациясының вице-президенті,«Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасын ұйымдастырушы және Аблай Юсупов AlmaU түлегі, «Upgrade Group» білім беру компанясының директоры.
Сания Арапова: «AlmaU -мен бірге біз әлемді өзегертетін жақсы құндылықтарға ұмтылудамыз»-деді.
Аблай Юсупов: «Біздің елімізде кәсіп бастау үшін барлық жағдай жасалған. Ал оны ашудың қыр-сырын AlmaU үйретеді»-деді.
AlmaU мен British Council бірлесе отырып, Creative Spark атты креативті байқау ұйымдастырды. Мұнда қазақстандық фэшн-дизайнер - Дана Набидің сәнді дефилесі көрермендер назарына ұсынылды. Ол серіктестердің атқарған жұмысын көрсетті.
AlmaU 4 AlmaТЫ – Университет қала үшін
«AlmaU 4 AlmaТЫ» тақырыбын спикер Данияр Бакимов таныстырды, ол IT – Open Mind Technologies компаниясының басшысы, Rocket Plastic негізін салушы және Q-Lab қала жобалары зертханасының урбанистері Зарина Даулеткан, Айнур Жубанова және Ерқанат Заитов болды.
Данияр Бакимов: «Алматы Менеджмент Университеті "Жасыл экономика" және "Жасыл университет" ұстанымы арқылы тұрақты даму мәселелерін қолдайды.
Бұл трек өте маңызды, себебі AlmaU-дың Мемлекеттік және қоғамдық саясат пен құқық мектебінде 2019-2020 оқу жылында «Урбанистика және сити-менеджмент» мамандығы ашылды. Алматы Менеджмент Университеті – еліміздегі урбанистика саласындағы арнайы мамандарды дайындайтын алғашқы жоғары оқу орны болып табылады.
AlmaU 4 education –білім беруді бірге дамытамыз
Бұл соңғы бағытты «AlmaU 4 education» таныстырған спикерлер: Жұлдыз Сүлейменова, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры, және СЕО және Edgravity білім беру компаниясының негізін қалаушы Айгерім Хафизова болды.
Алматы Менеджмент Университет еліміздің білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Атап айтсақ Назарбаев Зияткерлік мектептері, Edgravity компаниясы және тағы басқа да компаниялар. Мысалы, қыркүйекте Қазақстанға алғаш рет инженерлік ғылымдар профессоры, Learning How To Learn онлайн-курсының авторы Барбара Оакли келді. Ол Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында дәрістер мен тренингтер өткізді. Сол кезде академиялық пікірталастар мен онлайн-білім беру мәселелерін талқылау үшін Алматы Менеджмент Университетінде болды.
Бұл кездейсоқ емес, AlmaU соңғы жылдары жоғары білімі бар тыңдаушыларға және арнайы орта білімі бар тыңдаушыларға арналған онлайн-курстарды енгізуде.
Университет Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Жанат Бердалина корпоративтік басқаруды дамыту жағдайына ерекше назар аударды. Сондай-ақ, еліміздегі Бірінші кәсіпкерлік университеттің табысқа жету себептерін атап өтті.
Іс-шара соңында Алматы Менеджмент Университетінің ректоры Гүлмира Курганбаева қорытынды жасап, серіктестерге қоғам мен жалпы ел игілігі үшін тиімді түрде бірлесе отырып жұмыс жасағандары үшін алғыс білдірді.
Осы тамаша білім беру алаңында университеттің үшінші миссиясы туралы және жалпы заманауи білім беруді дамыту туралы әртүрлі пікір алмасу болды.
Алматы Менеджмент Университеті Tenderbot, Raimbek Bottlers, Q-lab – қалалық жобалар зертханасы, Алматыбасжоспар компанияларына осы аталған алғашқы көпшілік алдындағы есепті ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін үлкен алғысын білдіреді.
Университет іс-шараның модераторы Eurasia Center for People Management Бас директоры Ербол Исмаиловқа кештің жүргізілуіне қолдау көрсеткені үшін және кешті тамаша жүргізгені үшін алғыс білдірді.
Университеттің атқарған жұмыстарының қорытындысы шығарылып, жұртшылық назарына ұсынылды және алда университеттің жетістіктерін дамыту бойынша көптеген жоспарлар бар. Қоғам, қала, кәсіпкерлік және білім үшін бірлескен жаңа жобалар жасау үшін сіздердің ұсыныстарыңызды күтеміз!
Анықтама: 1988 жылы Алматы менеджмент мектебі құрылды. 2014 жылы бірқатар өзгерістерден кейін Халықаралық Бизнес Академиясына жаңа мәртебе – Алматы Менеджмент Университеті атауы берілді (ол AlmaU брендімен танымал). Сонымен, Жоғары оқу орнына 31 жыл, Халықаралық Бизнес Академиясы Алматы Менеджмент Университеті мәртебесіне ие болғанына 5 жыл толды.