AlmaU 2.0: Жаңа стратегия, жаңа Қамқоршылық Кеңес
29 Мамырда AlmaU Қамқоршылар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Университетті дамытудың маңызды стратегиялық мәселелері қаралды, ұжыммен кездесу өтті.
Біз AlmaU ҚК мүшелерінің қатары жаңа тұлғалармен толыққанын қуана хабарлаймыз: VII шақырылған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, AlmaU Жоғары бизнес мектебінің (МВА және DBA бағдарламалары) түлегі, «ASPARA MUNAY» ЖШС Бас директоры Линник Андрей, Қазақстандағы БҰҰ Жаһандық шартының өңірлік өкілі, Стенфордта оқыған алғашқы қазақ, сондай-ақ тұрақты даму және ESG тақырыбы бойынша сарапшы Сейджапарова Динара және Altyn Samruk Qazaqstan СЕО-сы, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, сондай-ақ ҚР ірі холдингтері мен компанияларындағы жоғары буын басшысы, Nazarbayev University & Duke ' s Fuqua Business School-дың EMBA бағдарламасының түлегі Пазылхайыр Гүлбану.
Қамқоршылық кеңесінің бұл отырысы басшылықтың ауысуымен де маңызды. 10 жыл бойы аталмыш кеңестің төрайымы болған Жанат Бердалина тізгінді Еркін Тәтішевке тапсырды.
Жанат Қоланқызы соңғы 6 жыл бойы Қамқоршылар кеңесінің төрайымы қызметін атқарды және Кеңестің және жалпы университеттегі корпоративтік басқарудың дамуына елеулі үлес қосты. Ол Алматы Менеджмент университетінің Қамқоршылар кеңесінің құрметті мүшесі болуға ұсынысты қабылдады. «Мен 6 жыл бойы ҚК төрайымы, 9 жыл ҚК мүшесі болдым. Енді тізгінді тапсыратын кез келді», - деді Жанат Бердалина.
Қамқоршылар кеңесі төрағасының маңызды функцияларының бірі – ол басқаратын ұйымның немесе мекеменің мүддесін білдіру. Ол сондай-ақ кеңестің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және мақсатқа жету үшін стратегиялық және іс-қимыл жоспарын анықтауға ықпал етуге жауапты.
«Ең қиыны – жаңа нәрсе ойлап табу. Біз жоғары білім трансформация, инновация процесінде екенін түсінеміз. Қазір ресурстары бар үлкен университеттер де зардап шегуде. Ал AlmaU үшін «Біз кімбіз? Қайда бара жатырмыз?» деген сұрақ өзекті болуы қажет. Байқап көруден қорықпайтын ЖОО болуымыз керек. Бұл дегеніміз – жаңа әдістемелер, жаңа нұсқалар, жаңа тәсілдер», - деп атап өтті университет ұжымымен кездесуде ҚК жаңа төрағасы Еркін Тәтішев.
Қамқоршылар кеңесі университеттің дамуында маңызды рөл атқарады. Ол университетті басқарудың жоғарғы органы және университетті басқаруға және оның дамуына қатысты негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдауға жауап береді. ҚК стратегиялық мақсаттарды айқындайды және оларға қол жеткізу үшін іс-қимыл жоспарларын әзірлейді, сондай-ақ ректорды тағайындайды және негізгі қаржылық құжаттарды бекітеді.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің толық тізімімен осы жерден таныса аласыз: https://almau.edu.kz/sovet_popechitelei-9607