Алматының ЖОО-ларында «Қоғамға қызмет ету» деген жаңа пән оқытылатын болады

Жаңалықтар

Қыркүйек 05, 2018

Алматының ЖОО-ларында «Қоғамға қызмет ету» деген жаңа пән оқытылатын болады

«Community Service Learning» пәні (Қоғамға қызмет етуді үйрететін болады), AlmaU –да  3 жылдан бері оқытылып келе жатқан бұл пәнді  Алматы  қаласының басқада жоғары оқу орындарында оқыта бастайтын болады.

Бұл жайында бүгінгі Алматы «U38» университеттер Альянсы семинарында «Community Service Learning» бағдарламасы енгізіліп оқытылатындығы айтылды. 

Almaty Management University  ректоры  Гульмира Курганбаева  аталған пән студент жастарды тәрбиелеуге ықпал ететіндігін атап өтті.

«Қоғамға қызмет ету» «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізі болуы керек. Бір жағынан бұл өте орынды, ал екінші жағынан дұрыс жаңа қадам. Университеттердің қоғам дамуына қалай көмектесе алатындығы жайлы ойладық. Біздің бітірушілер тек мансапты, табысты, жалақыны ғана ойлап қоймай, сонымен қатар қоғамдағы  жақсы өмірге қол жеткізе алмайтындар туралы ойлаулары да тиіс деген шешімге келдік. Өйткені түрлі өмірлік жағдайларға байланысты кейбір адамдар қиын жағдайға тап болады. Соларға көмек беруіміз қажет емес пе? Біз тек білімді ғана емес, сонымен бірге эмоционалды интеллектіні де дамытуымыз керек. Кәсіби маманды даярлау университет қызметінің 50% -ын ғана құрайды, ал қалған 50-і әлеуметтік жауапты өз елінің патриоты болып табылатын азаматты тәрбиелеп шығаруы тиіс. Әрбір адам өзінің әлеуметтік жағдайына, лауазымына қарамастан басқа жандарға көмек беруі керек.

«U38» Альянс төрағасы, әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ проректоры  Шолпан Джаманбалаева  «Service Learning» пәнін Алматы  қаласындағы басқада жоғары оқу орындарына енгізудің маңызды екендігін  және Almaty Management University-дің «U38»  альянса шеңберінде  аталған пәнді үйлестіруші ретіндегі рөлін атап өтті.

Тіркеу кеңсесінің басшысы Жулдыз Елубаева AlmaU-да  «Service Learning» пәнінің қалай өткізілетіндігін айтты. Оның айтуынша, бұл сабақтарда студенттер балалар үйлеріне, мүгедектер мен қарттар үйлеріне және басқа да әлеуметтік ұйымдарға барады. Балалар өздерінің қалауы бойынша баратын жерлерін таңдайды. Алғаш рет "Service Learning" бағдарламасы АҚШ-та әзірленіп, сынақтан өткізілді. Содан кейін Аргентинада, Чилиде және Еуропаның кейбір елдерінде таралған. Бүгінгі күнге дейін Service Learning пәні Қазақстанда болған жоқ, және бұл пәнді іс жүзінде енгізу студенттердің қоғамға қызмет етудегі әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыру, болашақ кәсіпкерлердің бойында адамгершілік пен моральдық-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу ісінде AlmaU-дың жаңашыл қадамдарының бірі болып табылады. Студенттер лекциялар мен практикалық сабақтарға қатысып, алған білімдерін әлеуметтік-адамгершілік тұрғыда пайдаланатын болады.

Әдетте Service Learning  пәнін жоғары оқу орнында өткізуге 1 семестрге 2 білім беру кредиті бөлінеді (оқу топтарына шамамен 75 сағат) Студенттер лекциялар мен практикалық сабақтарға қатысады, содан кейін белгілі бір қоғамдық ұйымда өз білімін тереңдетеді және басқалардың игілігі үшін әлеуметтік пайдалы жұмыстар істеуге қатысады. Нәтижесінде, студенттер алған білімдерін қоғамға қызмет етуге ​​мүмкіндік алады.

 

Бөліс: