Алматы Менеджмент Университетінің Магистратура және МВА бағдарламалары Eduniversal мамандандырылған аймақтық рейтингтерінің алғашқы ТОП-1 мен ТОП-5-ке кірді
Осы жылдың маусым айында Eduniversal әлемдік рейтингтік агенттігі әлемдегі ең үздік магистрлік және MBA бағдарламаларының ресми рейтингісін жаңартты, оны www.best-masters.com сайтында көре аласыз.
2019 жылы әлемнің 136 еліндегі 20 000-нан астам магистрлік және MBA бағдарламаларына талдау жасалды. 886 мектеп пен университеттер қатысты, нәтижесінде 5 360 бағдарлама орын алды. Осы жылы рейтингке алғаш рет «MBA Part-Time», «E-Business» және «Digital Marketing» бағдарламалары қосылды.
Рейтинг нәтижелері бойынша AlmaU Магистратура және MBA бағдарламалары әлемдегі ең үздік 200 бағдарламаның қатарына еніп, Орталық Азиядағы бірінші орынға ие болды!
Орталық Азия аймағына Қазақстан, Қырғызстан, Шри-Ланка, Бутан, Мальдив, Непал, Бангладеш, Үндістан, Өзбекстан және Пәкістан кіреді.
Мұндай жоғары рейтингтер білім сапасы саласындағы тек елеулі жетістіктер үшін ғана беріледі. Магистратура және MBA бағдарламаларына AlmaU-дың жоғары рейтингтерге қол жеткізуі - университет қызметкерлерінің еңбегі.
AlmaU үшін 2019 жыл Eduniversal рейтингісінде «Іскери аналитика және Big Data» және «Қаржы магистрі» бағдарламалары алғаш рет қатысқанымен есте қалады.
Рейтингтің нәтижелері бойынша Алматы Менеджмент Университетінің магистратура және MBA бағдарламалары Eduniversal мамандандырылған аймақтық рейтингтерінің алғашқы 1 және 5-ке енді. Олардың әрқайсысы әлемдік рейтингтің үздік 200 бағдарламасына енді.
AlmaU үздік бағдарламалары:
1. AlmaU Maastricht School of Management-пен бірлескен МВА бағдарламасы Орталық Азиядағы Менеджменттің жалпы бағдарламасының рейтингісінде 1 орын алды
2. «Жобаларды басқару» магистрлік бағдарламасы Орталық Азиядағы «Инновация және жобаларды басқару» бағдарламалары рейтингінде 1 орын алды
3. «Іскери аналитика магистрі және Big Data» бағдарламасы Орталық Азиядағы Data Analytics бағдарламасы рейтингісінде 2 орын алды
4. AlmaU-RANEPA бірлескен бағдарламасы аймақта 2 орынға ие болды (және топ-200 Executive MBA құрамына кірді)
5. «Менеджмент магистрі» бағдарламасы аймақтағы экономика бойынша бағдарламалар рейтингінде 2 орынға ие болды
6. «Маркетинг магистрі» Орталық Азиядағы бір атаулы бағдарламаның рейтингінде 3-ші орын алды
7. «Қаржы магистрі» бағдарламасы Орталық Азиядағы «Корпоративтік қаржы» бағдарламалары рейтингінде 3-орын алды
8. «Қазақстандық МВА бағдарламасы» Орталық Азиядағы МВА full time бағдарламасының үздік бестігіне кірді
9. AlmaU-дың «MBA in Healthcare Management» денсаулық сақтау саласын басқаруда МВА бағдарламаларының әлемдік рейтингінде 20-шы орында
10. «Remote MBA» бағдарламасы әлемдік рейтингте 33 орын алды
Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылдан бастап Eduniversal жоғары білім саласындағы әлемдік рейтинг агенттігі (Франция, Париж) әлемнің 154 еліндегі мыңдаған үздік бизнес мектептердің рейтингісін шығарады.
Рейтингтеу процесі кезінде әлемдегі 1000 ең үздік оқу орындарының декандары / ректорлары бизнес мектептер бойынша дауыс беруге қатысады және бірқатар критерийлер бойынша олардың үздіктерін анықтайды.
Магистратура және MBA бағдарламаларын бағалау әдістемесі 8 бағытты қамтиды, олардың ішіндегі ең маңыздылары:
- бағдарламаның беделі;
- бітіргеннен кейінгі бірінші жұмысындағы бітірушіге төленетін жалақы;
- тыңдаушылардың қанағаттанарлығы.
Сонымен қатар, магистратура және MBA бағдарламалары қосымша балл алады (түсу критерийлері: кемінде 3 түрлі географиялық аймақтан 7-ден астам ұлт өкілдері бағдарламаға тіркелуі, бітірушілердің кем дегенде 20% -ы шетелде оқиды немесе жұмыс істейді және қашықтықтан білім алады).
AlmaU магистратурасы және MBA бағдарламалары жоғарыда аталған өлшемдерге сәйкес бағаланды және рейтинг нәтижелері бойынша Орталық Азия аймағындағы Eduniversal мамандандырылған аймақтық рейтингінің ең үздік 1 және 5-ке кірді.