Алматы Менеджмент Университетінің МВА бағдарламасы Қазақстанда бірінші болып QS World University Rankings: Global MBA Rankings 2022 рейтінгінде әлемдік топ-250 және Азия бойынша топ-35 құрамына кірді.

Жаңалықтар

Қыркүйек 14, 2021

Алматы Менеджмент Университетінің МВА бағдарламасы Қазақстанда бірінші болып QS World University Rankings: Global MBA Rankings 2022 рейтінгінде әлемдік топ-250 және Азия бойынша топ-35 құрамына кірді.

 

2021 жыдың 9 қыркүйегінде QS World University Rankings әлемдік рейтинг агенттігі ең үздік МВА бағдарамасының ресми рейтінгін жариялады.

Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Бизнес Жоғары Мектебінің MBA бағдарламасы үшінші рет QS World University Rankings: Global MBA Rankings 2022 рейтінгіне кірді. ТМД мемелекеттерінен рейтингке кірген бизнес-мектептері:

· Graduate School of Business (201-250) – Қазақстан

· School of Business and International Proficiency (MGIMO University) (201-250) – Ресей

· Kazan Federal University (251+) – Ресей

AlmaU-дің Бизнес Жоғары Мектебі «Әлемдік MBA 2022» рейтінгіне кірген әлемдік 286 MBA бағдарламаларының ішінде 201-250 орнына ие болды.

Әртүрлілік критериясы бойынша ең жоғарғы балды иемденді, Кәсіпкерлік және Бітірушілердің нәтижесі көрсеткіштері бойынша қатысушылардың арасында орта деңгейге жақындады. Бұл бизнес-білім беру халықаралық стандарттарына сәйкес General MBA бағдарламасының тыңдаушыларының жағымды динамикалық дамуын көрсетеді.

Таңдаулы 41 бизнес мектептерінің арасында Азия бойынша AlmaU 35-ші орынды иемденді. Қазақстандық AlmaU рейтингке келесі бизнес-мектептерімен қатар кірді: INSEAD (multi campus бизнес-мектебі, Франции, Сингапур және БАӘ-дегі кампустар), CEIBS (Қытай), Shanghai Jiao Tong (Antai) (Қытай), NUCB Business School (Жапония), Yonsei School of Business (Оңтүстік Корея) және т.б.

QS World University Rankings үздік әлемдік МВА бағдарламалары рейтінгін келесі сілтеме бойынша көруге болады.

Анықтама:

QS World Uniersity Rankings: Global – 2018 жылдан бері жыл сайын баспаға шығатын Quacquarelli Symonds MBA бағдарламасы бойынша үздік әлемдік университеттер рейтингі. 2021 рейтингке 45 мемлекеттен 286 бизнес мектебі кірді, 2020 жылы – 258, 2019 жылы – 240, 2018 жылы – 232. QS рейтингінде әлемнің үздік университеттерін бағалау бес критерий бойынша жүргізіледі: жұмыспен қамтамасыз ету (40%), инвестициядан табыс (20%), кәсіпкерлік және бітірушілердің нәтижелері (15%), ой көшбасшылығы (15%), әртүрлілік (10%).

**QS World University Rankings 2004 жылдан бері жыл сайын баспаға шығатын Quacquarelli Symonds әлемдік үздік университтер рейтингі.

*** QS Full Time MBA: Global рейтінгіне кіру үшін бизнес мектебінің МВА бағдарламасы бойынша бітірушілері болуы қажет, және бизнес-білім беру бойынша әлемдік төрт аккредитацияның біреуі болуы қажет. (AACSB аккредитациясын – 901 бизнес-жоғары оқу орны, AMBA – 286 бизнес-мектебі, EQUIS – 197 бизнес-мектебі иемденді, әлемде үш аккредитация тәжіне ие 110 жоғары оқу орны).

Рейтингте саралау 13 индикатор және 5 критерийге бойынша жүргізіледі, олардың арасында: академия ортасында және жұмыс берушілер арасында бизнес мектебінің беделі, МВА бағдарламасын бітіргеннен кейінгі тыңдаушлардың жалақысының көтерілуі және т.б.

QS Global МВА рейтінгінің әдістемесі бойынша толығырақ ақпарат келесі сілтеме бойынша алуға болады: https://www.topuniversities.com/mba-rankings/methodology

QS Global МВА рейтингінің нәтижесі бойынша толығырақ ақпарат келесі сілтеме бойынша алуға болады: https://www.topmba.com/mba-rankings/full-time-mba-rankings-global/qs-global-mba-programmes-2022-inside-look

Бөліс: