Алматы қаласы колледж студенттері арасында "Мен-кәсіпкермін" атты VІІІ қалалық іскерлік экономикалық ойын
21 қарашада ХБА колледжі (қазіргі AlmaU) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында, студент жастардың әлеуетін арттырып және кәсіпкерлік дағдысын қалыптастыру мақсатында Халықаралық Бизнес Академиясы колледжі мен Алматы Менеджмент Университеті (бұрынғы ХБА) базасында Алматы қаласы колледж студенттері арасында "Мен-кәсіпкермін" атты VІІІ қалалық іскерлік экономикалық ойынның ашылуы болды.
Іс-шара Алматы қаласы білім басқармасының, Алматы қаласы әкімдігінің "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының, Алматы қаласы колледждер қауымдастығының қолдауымен өткізілді.
«Алматы қаласы колледж студенттері арасындағы "Мен-кәсіпкермін" атты іскерлік экономикалық ойыны біздің колледж қабырғасында сегізінші жыл қатарынан өткізіліп жатқанына біз қуаныштымыз. Жобаға сәттілік, ал қатысушыларға жеңіс пен жаңа мүмкіндіктер тілейміз!" –деді қонақтарды қарсы алған Альфия Хисматуллина.
"Ұлы Абай Құнанбаев бай болғыңыз келсе, білім мен қолөнерді игеріңіз деп айтқан болатын. Келесі 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы болып жарияланды және біз жастарға үміт артамыз. Өз идеяларыңызды, жобаларыңызды іске асырып, бай болыңыздар!",- деп қатысушыларға өз тілегін айтты, Алматы қаласы колледждер қауымдастығының президенті Жантілеу Әзісханов.
"Мен-кәсіпкермін" VІІІ қалалық іскерлік экономикалық ойын барысында қатысушылар өзін - өзі дамыту және жеке тұлға ретінде өсу, мансап пен бизнесті құру және басқа да көптеген тақырыптарды панельдік пікірталаста талқылады.
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы В. М. Цзин хабарлағандай, Атамекен ҰКП-да енді кәсіпкерлер палатасының сайтында орналастырылған "Кәсіпкердің жеке кабинеті" бөлімінде стартаперлерді тіркеу үшін мүмкіндіктер жасалған. Осы іс-шарада ұсынылған барлық жобалар ҚР кәсіпкерлік тізіліміне енгізіледі.
"Мен-кәсіпкермін" VІІІ қалалық іскерлік экономикалық ойынның екінші күнінде қатысушылар өз жобаларын қорғады. Байқауға төмендегідей бағыттар бойынша 120-дан астам жоба ұсынылды.
1. "Өндіріс" - 30 жоба;
2. "Қызмет көрсету түрлері" - 33 жоба;
3. "Экология және туризм" - 31 жоба;
4. "Әлеуметтік кәсіпкерлік, білім және ғылым" - 31 жоба
"Мен-кәсіпкермін" VІІІ қалалық іскерлік экономикалық ойынның барлық қатысушылары өз жобаларын жақсы деңгейде қорғады. Жеңімпаздар қазылар алқасының дауыс беруі арқылы анықталды.