Almaty Creative Week-те «Креативті салалардағы білім беру» тақырыбы талқыланды
2022 жылдың 4 қараша күні «Almaty Creative Week» Халықаралық креативті индустрия форумының «Креативті салалардағы білім беру» панельдік сессиясы өтті. Сессияға AlmaU Креативті индустрия орталығының директоры Дана Шаяхмет модераторлық етті.
Сессияда Universal University ректоры (Ресей) – Екатерина Черкес-Заде, BTS Education зерттеу бөлімінің бастығы Бауыржан Әбуов, Владислав Слудский – арт-кеңесші, Жәмиля Нұрқалиева – Целинный заманауи мәдениет орталығының директоры, Ұлан Үсенов – химия пәнінің мұғалімі, блогер, Forbes 30 under 30 рейтингінің қатысушысы, Зарина Құтпанова – Назарбаев Университетініңі DC lab шығармашылық зертхана меңгерушісі сөз сөйледі.
Мамандар креативті индустрияны дамытудағы білімнің рөлін талқылады. Сонымен қатар «Креативті экономика дамуы үшін қандай мамандықтар қажет?» , «Алматының және Қазақстанның білім беру нарығына ілесу үшін университеттер мен оқу орындары не істеуі керек?» деген сұрақтар қызу талқыға салынды.