Алмастырып оқыту мен Erasmus+! бағдарламасына қызығушылық танытқан студенттер үшін!
AlmaU алмастырып оқыту немесе Erasmus+ бағдарламасына қатысуға ықылас білдірген барлық студенттер үшін 2016-2017 оқу жылының көктемгі семестріне ішкі байқау ұйымдастырады.
2016 жылдың 12-13 қазанында байқау аясында орыс немесе ағылшын тілдерінде (таңдаған пунктіне қарай) іріктеу комиссиясымен сұхбат ұйымдастырылатын болады. Сұхбаттың нақты өтетін жері мен уақыты өткізуден бір апта бұрын шамамен бекітілетін болады.
Өтінімдер берудің соңғы мерзімі: дүйсенбі, 10 қазан, сағат- 17.00.
Көрсетілген мерзімнен кейін берілген өтінімдер қабылданбайды.
Студенттер өз өтінімдерін күн сайын сағат 09.00-ден 11.00-ге дейін және 14.00-ден 15.00-ге дейін тапсыра алады.
Менеджмент мектебінің студенттері үшін өтінім тапсыратын орын - каб. 215 Б.
Мемл.саясат және құқық мектебінің студенттері үшін өтінім тапсыратын орын - каб. 241.
Нәтижесі байқау өткізілгеннен кейін 2-апталық мерзім ішінде жарияланатын болады.
Байқауға шетелде орыс тілінде немесе ағылшын тілінде оқығысы келетін, GPA көрсеткіші 3.0.-ден кем емес, Бакалавриаттың (2,3,4 курстар) барлық мамандықтағы студенттері қатыса алады.
Күтпеген жерден қарсылыққа тап болмас үшін, барлық студенттер университетті (макс. 3) таңдамас бұрын нақты талаптармен, сондай-ақ серіктес-университеттегі алмасу бағдарламасы кезеңіндегі тұру ақысы мен шығындар мөлшері туралы ақпараттармен толық танысуы қажет.
Алмасу немесе Erasmus+ бағдарламасына қатысуға өтінім беретін студенттер, академиялық мобильділік үшін мүмкіндіктің болуын және жаңалықтарды үнемі бақылап отыруы қажет, қазіргі уақытта AlmаU көктемгі семестрге қосымша орындарға қол жеткізетіндей келіссөздер жүргізуде. Егер студент алмасу немесе Erasmus+жаңа бағдарламасы бойынша барғысы келсе, онда 2016 жылдың 10 қазанына дейінгі мерзімде өздерінің өтінімін (таңдаған ЖОО атын өзгертіп) өзгертуі тиіс.
ӨТІНІМГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Ағылшын тілінде оқығысы келетін студенттер ағылшын тілін жақсы/жоғары деңгейде білуі тиіс.
Ағылшын тілін білетіндігін растаушы сертификаттар құпталады (мысалы, IELTS 6.0).
Тілді білу деңгейі іріктеу жөніндегі Комиссиямен сұхбат барысында тексеріледі.
КЕРЕК ҚҰЖАТТАР:
- Ағылшын немесе орыс тілінде түйіндеме және уәждемелік хат (қабылдаушы университеттегі оқыту тіліне қарай);
- GPA деңгейі көрсетілген 2015/2016 оқу жылғы транскрипт;
- Паспорттың көшірмесі;
- Сайтқа енгізуге болатын, шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының 082 өтініші мен сауалнамасы: http://www.almau.edu.kz/9802 немесе https://www.facebook.com/groups/322523941273130/?ref=..
- 3 * 4 см көлемдегі екі паспорттық фотосурет;
- Тілді меңгергендігі жөніндегі сертификаттар көшірмесі, сонымен бірге басқа да сертификаттар (егер қолда бар болса);
- Erasmus +алмастыру бағдарламасының қатысушысы ретінде Сізді ұсынған оқытушыларыңыздың бірінің орыс немесе ағылшын тілінде жазылған ұсыныс хаты.
Егер сұрақтарыңыз болса, онда 2016 жылдың 29 қыркүйегінде екі рет ұйымдастырылатын ақпараттық сессияға қатысуыңызға болады (11.00-ден 11.30-ға дейін және 16.00-ден 16.30-ға дейін), және 5 қазанда (с 11.00-ден 11.30-ға дейін және 16.00-ден 16.30-ға дейін). Академиялық мобильділік жөніндегі мамандар сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беретін болады.
Кез-келген сауалдар бойынша хабарласыңыздар:
- Маугожата Вох: Халықаралық даму бөлімі;malgorzata.woch@almau.edu.kz, +7 727 313 2746; каб. 405.
- Динара Исенова және Айгуль Коспанова: Менеджмент Жоғары Мектебі, d.isenova@almau.edu.kz немесе a.kospanova@almau.edu.kz; каб. 215Б.
- Жанетта Гайсовна Калишева: Мемлекеттік саясат және құқық мектебі; zh.kalisheva@almau.edu.kz; +7 727 313-30-85; каб. 241.