ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР

Жаңалықтар

Желтоқсан 26, 2019

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР

Білім алушылардың назарына!

 

Әлеуметтік жеңілдік алу үшін 2020 жылдың 15 қаңтарына дейін  құжаттар(көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер, жетім-студенттер, мүгедек -студенттер, ата-анасы мүгедек студенттер, бір отбасының студенттері) қабылданады.

 

«Жетімдік» бойынша әлеуметтік грант, жеңілдік алу үшін тапсырылатын құжатттар:

  • талапкердің /студенттің Ректордың атына жазылған өтініші;
  • жеке куәлік көшірмесі/ студенттің төлқұжаты;
  • ата-анасының қайтыс болғандығы жайлы  куәлік;
  • қорғаншы/қамқоршы (бар болған жағдайда) тағайындау  туралы сот шешімі;
  • мекенжай анықтамасы;
  • кіріс жайлы мәлімет (жұмыс орнынан анықтама) қамқоршылардың зейнетақы қорынан көшірме (бар болған жағдайда);
  • студенттің тұрғын үйінің бар/жоқ екендігі жайлы анықтама  (ҚР ТҚО);
  • соңғы 6 айда студенттің авто көлігі бар/ жоқ екендігі жайлы анықтама  (ҚР арнайы ТҚО);
  • әлеуметтік жеңілдік, грант беру қажеттілігін растайтын басқа да құжаттар.

 

«Мүгедек-студент»  және «Ата -анасы мүгедек» бойынша әлеуметтік грант, жеңілдік алу үшін тапсырылатын құжатттар:

  • талапкердің /студенттің Ректордың атына жазған өтініші;
  • жеке куәлік көшірмесі/ студенттің/ ата-анасының төлқұжаты;
  • мүгедектік туралы анықтама (ақшалай жәрдемақы мөлшері көрсетілген);
  • отбасы мүшелерінің мекенжай анықтамасы;
  • отбасының кірісі (жұмыс орнынан анықтама) және ата-анасының/қамқоршысының зейнетақы қорынан көшірмесі;
  • студенттің меншігінде тұрғын үйінің бар/жоқ екендігі жайлы анықтама  (ҚР ТҚО);
  • соңғы 6 айда студенттің авто көлігі бар/ жоқ екендігі жайлы анықтама  (ҚР арнайы ТҚО);
  • әлеуметтік жеңілдік, грант беру қажеттілігін растайтын басқа да құжаттар.

 

Көп балалы және/ немесе аз қамтылған отбасы бойынша әлеуметтік грант, жеңілдік алу үшін тапсырылатын құжатттар:

  • талапкердің /студенттің Ректордың атына жазған өтініші;
  • жеке куәлік көшірмесі/ студенттің төлқұжаты;;
  • отбасы мүшелерінің мекенжай анықтамасы;
  • балалардың туу туралы куәліктері;
  • отбасының кірісі (жұмыс орнынан анықтама) және ата-анасының, кәмелетке толған балалардың зейнетақы қорынан көшірмесі;
  • студенттің меншігінде тұрғын үйінің бар/жоқ екендігі жайлы анықтама  (ҚР ТҚО);
  • соңғы 6 айда студенттің авто көлігі бар/ жоқ екендігі жайлы анықтама  (ҚР арнайы ТҚО);
  • әлеуметтік жеңілдік, грант беру қажеттілігін растайтын басқа да құжаттар.

 

Бір отбасының студенттері санаты бойынша әлеуметтік грант, жеңілдік алу үшін тапсырылатын құжатттар:

  • студенттің Ректордың атына жеңілдік беру туралы жазған өтініші;
  • жеке куәлік көшірмесі / төлқұжат;;
  • отбасы құрамы туралы анықтама.

 

Жоғарыда аталған құжаттардың біреуі болмаған жағдайда комиссия өтінішті қарастырмайды.


Қосымша сұрақтар бойынша анықтама алу:

Қаржылай қолдау көрсету бойынша менеджер - Садыханова Қуралай Мұратқызы

Кабинет 115, 1 қабат (ЦОС)

Байланыс телефоны8 727 313 29 36, k.sadykhanova@almau.edu.kz 

Бөліс: