Әлемдегі үздік бизнес-мектептердің МВА түлектері Алматыға ат басын бұрды!
Оңтүстік астанаға «Global MBA tour» аясында , әлемдегі үздік бизнес-мектептердің МВА бағдарламасының түлектері келді, атап айтқанда: London Business School, Columbia Business School, Hong Kong University.
Қонақтардың ішінде Samsung Electronics, Dell, Eurex, Gazprombank, Pfizer Inc, Spencer Stuart, BMW Group Romania, Lagardere Travel Retail China, Maxwell Capital Group, Brightmore Capital, Rackspace, Da Vinci Capital Management / IT Invest, Robb Report Russia, Evli Bank Plc, NN Group (Formerly ING), Grant Thornton UK LLP, Spencer Stuart, Jang Industries сияқты компаниялардың топ-менеджерлері болды.
8 ақпанда әлемдік бизнес-мектептердің түлектері AlmaU-дің ағылшын бөлімі бакалавриат студенттерімен бірінші рет кездесу өткізді.
Ертең, 10 ақпанда қонақтар Global MBA Networking шарасына қатысады, бейресми жағдайда релеванттық тақырыптар айналасында әңгімелеседі, әлемнің түрлі қалаларындағы бизнес білім беру трендісіне қатысты пікірлерімен бөліседі.