Әлем келешегінің сәулетшілері үшін жүйелі инжиниринг
Халықаралық Жазғы мектептің кезекті семинарында «Ақпарат пен білімді басқаруға жүйелі көзқарас» тақырыбын талқылады. Спикер ретінде Мәскеу Физика-Техникалық Университетінің проблемаларды басқару кафедрасының профессоры, радиотехника және кибернетика факультетінің R&D орталығының басшысы, «7 нот менеджмента: Настольная книга руководителя» бестселлерінің авторы Вячеслав Кондратьев сөз сөйледі.
Мектеп тыңдаушылары «ойлап тап, жаса, қолдан» деген қағидатты негізге алатын инженерлік білім беру стандарттарымен танысты. Әлемде инжинирингтің барлық нұсқасы бір түрге біріктірілген, ол – жүйелік инжиниринг, яғни нұсқау, кез келген салада инженердің іс-әрекетінің тәртібі. Вячеслав Владимировичтің айтуынша, әрбір менеджер жүйелік инжиниринг негізін білуі керек.
Жүйелік инжиниринг көптеген елде өте қарқынды зерттелуде. Мысалы, АҚШ-та шамамен 48 университет жүйелік инжинирингке оқытады. Вячеслав Владимирович ғарыштан бастап кибернетикаға дейін түрлі сала бойынша мол тәжірибесі болғандықтан өз уақытында Ресейде осы пән бойынша оқытуды ұйымдастырған болатын. Жүйелік инжинирингті зерттейтін мамандар білімді дизайн-ойлаумен қабылдайды, ол тек жоба құру ғана емес, бұл оны жасау, ендіру және жаңғырту болып табылады. Мұндай мамандарды әлем келешегінің сәулетшілері деп айтса да болады.
Жүйелік инжиниринг кез келген кәсіпорын жұмысында қолданылады. Бір сала қызметін басқару барысында көптеген ақпарат жиналады, ал ескірген менеджмент жүйесінде мәселені шешу үшін ақпаратты азайтып, шағын етуге тырысқан. Дегенмен, ақпарат көлемі артып, кәсіпорындар бақылау жасай алмаған. Негізгі шешім – ақпараттық технологияларды пайдалану (АТ), еңбек өнімділігін арттыратын ақпараттық жүйелерді құру. Осындай жүйелердің арқасында кез келген мәліметті жүйелеуге болады: өткенді, қазіргі кезеңді, келешекті бағалау әрі тиімді шешім қабылдау.
Білімді басқару жүйелік инжинирингтің маңызды элементі болып табылады. Білімді тиімді басқару болмағандықтан менеджерлер оларға дейін жасалып қойған өнімді қайта жасайды немесе өнім туралы ескі ақпаратты білгендіктен жаңа бағыт таба алмайды.
Айта кету керек, Жазғы мектеп инжиниринг тақырыбын семинарда талқылауды бекерге таңдап алған жоқ. Себебі Almaty Management University жаңа оқу жылында жоо қабырғасында Қазақстанда тұңғыш рет инженерлік менеджмент мектебі ашылады деп жария етті. Биылғы жылы бейіндік пәнінен физиканы таңдап, ҰБТ/КТ ойдағыдай тапсырған талапкерлер AlmaU-ға екі жаңа мамандыққа тапсыра алады, олар: Software Engineering (Бағдарламалық Инженерия) және Business Analytics and BigData (Бизнес аналитика және Жаһандық деректер).
Жаңалықтармен Халықаралық Жазғы Мектеп сайтынан таныса аласыздар – www.summerschool.almau.edu.kz