Академиялық адалдық лигасы жоғары оқу орындарын ашықтықты қалыптастыру үшін біріктіреді
22 желтоқсанда Астана қаласында Академиялық адалдық лигасының форумы өтті. Қазақстандық жетекші жоғары оқу орындарының басшылары мен өкілдері, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі, «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Дидар Смағұлов, сондай-ақ «Атамекен» ҚР ҰКП, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері және басқа да сарапшылар қатысты.
«Академиялық адалдық лигасы жалпы жоғары білім берудің дамуына әсер ететін академиялық, адалдық пен әділеттілік «аралы» ретінде қабылданады. Академиялық адалдық лигасының рөлі – оқу процесі арқылы өмірімізді жақсы жаққа өзгертетін еліміздің құрметті, лайықты азаматтарын дайындау», - деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Форумда алғаш рет еліміздің 16 жоғары оқу орнының білім алушылары мен оқытушыларының қанағаттануы бойынша өткізілген сауалнама мен оқу сессиясының нәтижесі таныстырылды. Сауалнамаға 25 000-нан астам респондент қатысқан.
Зерттеуге 16 ЖОО-ның 23 457 білім алушысы, яғни лига мүшелері қатысты. Сауалнаманың орташа өту уақыты - 13 минут. Сауалнама 10 негізгі санат бойынша жүргізілген:
- Академиялық адалдық
- Пәндерді оқыту және бағалау
- Бағалау және кері байланыс
- Тіркеу кезінде пәндерді таңдау
- Жеке даму
- Академиялық қолдау
- Ақпараттық ресурстар мен қызметтер, қатысу, материалдық-техникалық база және кампус, қашықтан оқыту
Сауалнаманың нәтижесі: лигаға мүше жоғары оқу орындары бойынша қанағаттанудың орташа деңгейі - 79.9%.
Форум аясында жоғары оқу орындарының өзін-өзі реттеуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, академиялық адалдық мәдениетін дамыту тетіктері және алқалылық арқылы сапаны қамтамасыз ету сияқты өзекті мәселелеріне арналған пікірталас өтті.
Жиын соңында Академиялық адалдық лигасының жаңа басшылығын сайлау рәсімі өтті. Жалпы жиналыстың төрағасы болып AlmaU ректоры Гүлнар Күренкеева және Академиялық адалдық лигасы кеңесінің төрағасы болып М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев сайланды.