Ағылшын тілін үйренудің интерактивті форматында Language Center: Mock Interview өткізілді, мұнда жұмысқа қабылдау кезіндегі әңгімелесудің барлық ережелері сақталды

Жаңалықтар

Желтоқсан 19, 2019

Ағылшын тілін үйренудің интерактивті форматында Language Center: Mock Interview өткізілді, мұнда жұмысқа қабылдау кезіндегі әңгімелесудің барлық ережелері сақталды

AlmaU-дың  үшінші курс студенттері үшін іскерлік ағылшын тілі бойынша аралық емтихан интерактивті рөлдік ойын форматында өтті - Mock interview (сынама сұхбат). 2019 жылдың 9 желтоқсан және 13 желтоқсан аралығында сынақ  сұхбат өтті. Компания өкілдері ретінде университеттің оқытушылары мен қызметкерлері болып, бес минуттық сынақ сұхбатын өткізді. Ұйымдастырушылар өте қызықты ды жақсы оқыту  форматын таңдап алды, бұл жұмыс - сұхбат түрінде ұйымдастырылды. Екі сұхбат берушіден бір  уақытта жауап алынды.

Аталған шараның мақсаты - барлық мамандықтардың 3-ші курс студенттеріне коммуникациялық дағдыларды іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беру болды. Сол арқылы жұмысқа орналасу кезінде жағдайды шынайы өмірдегідей  сұхбат алуға  барынша жақындату.

Осы екі күнде өткізілген  рөлдік ойын студенттерге болашақ мамандығы бойынша жұмыс беруші өкілдермен сұхбаттасу түрлерін игеруге көмектесті.  Сонымен қатар студенттер іскери ағылшын тілін үйреніп, өмірде қолдануға мүмкіндік алды. Бір сөзбен айтқанда, тәжірибелік сабақтар студенттерге пайдалы және қажетті болды.

Кейбір студенттер осындай іс-шараға алғаш рет қатысқандықтарын айтты. Компания өкілімен әңгіме олар үшін алғашқы  тәжірибе болды және шынайы түрде өтті. Көптеген студенттер сұхбат кезінде өздерін шын өмірдегідей сезініп, бар білімдерін көрсетуге тырысты. Олар сұхбат кезінде басқа адамды  тыңдауға және кәсіби сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйренді. Мұндай шеберлік сабақтар студенттер үшін қажет, сондықтан олар өздерін және бір-бірін тыңдауға үйренеді. Осылайша олар рөлдік ойын арқылы өздерінің кемшіліктерін сезініп, білімдерін жақсарту керектігін түсінді .

Әр студент түйіндемесін және кепілдеме хатын  ағылшын тілінде дайындап әкелді.

Бұл күні  «жұмыс берушілер»тізімінде болған компаниялар:

Air Astana 

Ernst & Young Global Limited (EY)

Mars

Coca-cola 

UN in Kazakhstan 

Жұмыс іздеп келген студенттер екі талап бойынша бағаланды- бейвербальді белгілер арқылы (көзқарасы, киім киісі, дайындығы және өзіне деген сенімділігі) және  сұхбат кезіндегі вербальді қарым-қатынас (сөз сөйлеуі және жауап беруі).  Әр талап бойынша баға қойылды. Бұл баға 50% болды, ал қалғаны студенттің тілді меңгергеніне 50%  баға қойылды.

 Сұхбат барысында қойылған сұрақтар:

 Жұмыс туралы айту

Өзінің мансаптық қызмет жолының өсуі жайлы

Жұмыста және команда ішіндегі әр түрлі жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер туралы.Мысалы,

  • Өзің жайлы айт
  • Қандай жақсы қабілеттерің бар?
  • Қандай әлсіз жақтарың бар?
  • Не себепті бұл жұмысқа орналасқыңыз келеді?
  • Бес жылдан кейін қайда жұмыс істейтін боласыз?
  • Мінсіз жақсы компания қандай болу керек?
  • Бұл компания сізге не үшін ұнайды?
  • Біз неге сізді жұмысқа қабылдауымыз қажет?
  • Бұрынғы жұмыс орныңызда сізге не ұнамады?

Бұл сұхбатқа студенттер өте жақсы дайындалғандығы байқалды. Мұндай әңгімелесулер оларды болашақта жұмысқа тұру үшін дайындайды. Олар әртүрлі сұрақтарға дер кезінде дұрыс жауап беріп, өздері жайлы ақпарат беруді  үйренгендіктерін айтты.

AlmaU-дың Language Center басшылығы мен қызметкерлері  шет тілін меңгеруде пайдалы да, қажетті интерактивті  формат енгізді. Орталық жұмысына сәттілік тілейміз!

Бөліс: