Аблай Юсупов, основатель Upgrade School: «Своим выпускникам мы даем конкретные инструменты»
Қазіргі таңда Қазақстанда жоғары оқу орындары жеткілікті. МВА бағдарламасын ұсынатын 26 бизнес-мектеп бар. Бірақ экономикалық және бизнес-білімді бәсекеге қабілетті деп айтуға келмейді. Мұны жұмыс берушілердің түлектер біліміне (түлектердің дайындығына) деген көзқарастарынан аңғаруға болады. Сонымен қатар білім нарығында жаңа тұлғалар пайда болуда. Солардың бірі - Upgrade School, негізін қалаушылардың айтуы бойынша, олар маркетинг пен кәсіпкерлікке үйретудің жаңа форматын ұсынады.
Ең бастысы-жағдай жасау!
Абылай Юсуповтың жасы 24 -те, кейбір білім алушылардың жасы одан үлкен. Абылай-"Upgrade Group" ЖШС –ның бас директоры, Upgrade School маркетинг және кәсіпкерлік мектеп жетекшісі, Almaty Management University түлектер Ассоциациясының президенті.
Екі жыл бұрын Аблай өзінің достары – Мағжан Тлеуханов және Біржан Ашіммен бірге - Almaty Management University қарамағында Upgrade School кәсіпкерлік мектебін ашқан болатын.
Мектептің негізгі мақсаты: 18 бен 22 жас аралығындағы студенттерге білім алумен қатар кәсіпкерлік машықтарды меңгеруге мүмкіндік жасау болып табылады. Аталған жоба өте сәтті болып, бір жыл ішінде 6 ағымда өткізілді. Мұнда студенттер, жастар және ересек 27 жасқа дейінгі адамдар келуде.
Қазіргі таңда US Астана қаласында бірінші ағымды өткізіп, екінші ағымға тыңдаушылар жинауда, Алматы қаласында 7 ағым басталады (білім алу мерзімі 2,5 ай). Курсты оқуға келгендердің жартысы аяқтап шығады, себебі оқыту форматы бойынша тыңдаушылар белсенді түрде қатысулары қажет. Абылайдың айтуы бойынша, барлық білім алушылар еңбектене бермейді:
«Курсқа келген адам үй тапсырмасын орындауы керек. Қарым қатынас тапсырмасы бойынша 3 күннің ішінде 5 адаммен танысуы тиіс. Біздің білім алушыларымыз үшін тағы бір қиын жағдай, гарвардтық үлгі бойынша эссе жазулары қажет. Мысалы, өмірде болған қиын жағдайды еске алып, оны қалай шешкендігін түсіндіруі тиіс. Мұндай тақырыптарды біз жайдан-жай алмадық. Бізге кейде жас адамдар келеді, олар ең алдымен қандай қырларын дамытқылары келетіндігін түсінулері қажет. Олардың мақсаты-өздеріне ұнайтын саланы таңдау. Бұл үшін өздерін зерттеп, не ұнайды, нені жасай біледі соны анықтап, өздерінің жақсы және әлсіз жақтарын білулері керек. Эссе жазу барысында осы жағдайлар анықталады».
Білім алушылардың іріктелуі тәрбиеге де байланысты сияқты: «Кей адамдар ол үшін оның мәселесін ата-анасы шешуге дағдыланған, ал кейбіреулер тапсырманы сәтсіз орындаған соң, батылы жетпей қалады, бұл еліміздегі білім беру жүйесіндегі «үздіктерді» дайындаумен де байланысты шығар»-дейді Абылай.
Мектептің мақсаты: курсқа келген әр жас адам өзінің армандаған жұмысына қол жеткізіп, қажетті қабілеттерін дамытып, оқу барысында өз ісін ашу болып табылады.
«Қазіргі уақытта осы тақырыпқа арналған әдебиеттер көптеп кездеседі, сонымен қатар бизнес-тренингтер өткізіледі. Ең бастысы қажетті жағдайдың болуы, одан кейін кез-келген адам өзін сынап көреді. Біздің мектебімізде жастар бір-бірімен танысады, замандастары немен айналысып жүргендігін біледі, белгілі кәсіпкерлермен кездеседі. Барлығымыз білетіндей адамға оның қоршаған ортасы әсер етеді», -деді Абылай.
Еліміздегі мектептердегі білім беру әдісі сол бұрынғы қалпындағыдай ҚАЛАЙ оқытады деген мәселеге келіп тіреледі, КІМ немесе НЕ оқытады деген мәселе қарастырылмайды. «Курстағы тыңдаушыларға 60%-өз тәжірибемізбен бөлісеміз, 30% -кеңесшілер мен белгілі кәсіпкерлердің тәжірибесі, 10%-бүкіл әлемдік тәжірибеден –кейстер, кітаптар, презентациялардан береміз»-дейді Абылай. Оқыту барысында-көшбасшылық, жеке тұлғаны дамыту, мақсат қою, маркетинг, трафик (аудитория жинайтын маркетинг құралдар) және тағы басқалар қарастырылады.
Upgrade School жеке бизнес өкілдеріне бағдарлама құрастыруда. «Негізінен 25 пен 35 жас аралығындағы адамдар өз білімдерін жетілдіруде. Олар үшін МВА –ұзақ әрі қымбат. Бұл адамдарға бағдарлама қазіргі уақытқа және тез арада қажет.Осындай жағдайда теория мен тәжірибенің нәтижесі ретіндегі қысқа мерзімді бағдарламалар өте тиімді» -дейді Абылай.
Мектептер мен колледждердің түлектеріне және жоғары оқу орны студенттеріне Upgrade School кәсіби тұрғыдан дамуға, ақырындап тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. «Бұл тікелей бизнес болмаса да, жастар өздеріне жауапкершілік алуға, көпшілік алдында сөз сөйлей білуге, дұрыс қарым қатынас жасай білуге үйренеді. Студенттер танысуға, көпшілік алдында сөйлеуге қысылады, көбісі қателік жіберуден қорқады және т.б. жағдайлар оларға кедергі болып тұрады».
Бұл мектепте белгілі кәсіпкерлер және талапты студенттер Абылай Юсупов және оның достары сабақ береді. «Біз үлкен жастағы мамандарды әдейі шақырмаймыз. Бұл жайында ойланғанбыз, олар өз ісінің кәсіби мамандары, бірақ біз сияқты студенттермен жақын тіл табысулары қиындау. "Үлкен" тренер әрдайым өзін көпшіліктен алшақ ұстайды, оның айтқандарын түсінбеген студент қайталап сұрауға ыңғайсызданады»-деген ойда Upgrade School негізін қалаушылар.
Курс барысында Абылай және оның достары Біржан мен Мағжан жастарға бизнес жайлы түсіндіріп, кеңестер береді.
Курсқа шақырылған спикерлер тыңдаушыларды ынталандырып, мотивация беріп отырады. Журналистика, SMM, PR және бизнес саласының жұлдыздары шақырылады, олар: Біржан Ашім, Алишер Еликбаев, Нұрлан Байдилда, Арман Сүлейменов, Зауре Розмат, Дарья Бублик, Расул Абдуллаев, Нүркен Рзалиев, Қуаныш Шонбай, Мағжан Тлеуханов, Рамиль Мухоряпов және т.б.
Барлығы былай басталған еді......
Абылайдың айтуы бойынша жеке кәсіпкерлік мектепті ашу туралы ой оған 2011 жылы ол AlmaU-да 1 курста оқып жүрген кезде келген еді.
«Мен сол кезде бизнес-мектепте 3 ай оқыған едім. Онда мен көшбасшылық, шешендік өнер, басқару тағы басқа да білімді үйренген едім. Бір қызығы осы қысқа мерзімді курста үйренгендерім маған болашақта кәсіпкер болуыма пайдасы тиді. Сол кезде мен өзімнің кәсіпкерлік курсымды ашуды ойладым, сол курстың кемшіліктерін көргенде, мен басқаша ұйымдастырар едім деген ойға келдім».
Бұдан кейін Абылай ENACTUS-та (ENACTUS университет командасының капитаны болды) жұмыс істеді, университеттің маркетинг бөлімінде тәжірибе жинақтады ( 1 курстан бастап) , студенттік кеңесте жұмыс істеді (2 курста) және студенттік үгіт бригадада ( 3-4 курста) жұмыс істеді (маркетингтік машықтарды үйренді).
Абылай 2 семестрде оқып жүріп Gold Rush студенттік бизнес-клубты ашты, онда практик-маркетологтарды, кәсіпкерлерді студенттермен өздерінің бизнестегі тәжірибелерін бөлісу үшін шақырып отырды. Абылайдың жасаған тағы бір осындай жұмысы AlmaU Family болатын:
«Клубтарды аша отырып мен тәжірибе жинақтадым. 2,3 және 4 курста мен студенттік өмірге белсенді түрде қатыстым, 1 курста жинақтаған тәжірибемнің арқасында маркетинг бөлімінде жұмыс істедім, сонымен қатар бизнес аша бастадым. Ал 4 курста менің Qweex бизнес-жобам болды. Онда студенттер бейне баяндар түсіріп, әлеуметтік желіге салады. Қазіргі таңда инстаграмм желісінде 600 мың жазылған көрермендері бар, бірақ мен бұл жобадан былтырғы жылдың қараша айында шығып кеттім. Qweex-ті жасағаннан кейін мен өзімнің қалалық деңгейге шыға алатындығымды түсіндім»-дейді Абылай.
Бұдан кейін белсенді студент тілдер орталығының TG Group/BEST жобасына қосылды, олда өте сәтті болды. Бірақ былтырғы жылдың қыркүйек айында жас бизнесменге өз ісін бастау үшін жобадан шығуына тура келді. Бизнес-мектеп ашуы үшін университет дәрісханалар берді, осылайша бір жыл бұрын үш дос барлық жобадан шығып, өздерінің бизнестерін ашты.
Олар Upgrade School ісінің сәтті болуын, жастарға ақпаратқа қарағанда белгілі бір машықтардың-тәжірибенің қажет екендігін айтады. «Адам университетті аяқтап шыққан соң, білімді болып шығады, бірақ ешқандай тәжірибесі болмайды. Ол қажетті тәжірибені жинағанша да 1-2 жыл уақыт өтеді, ал компаниялар бұған ақша да, күш те жұмсағылары келмейді. Осылайша студенттердің тауы шағылады. Олар өздерінің армандаған жұмыстарын айлап үйде отырып күте бастайды. Содан кейін өздерінің біліктіліктерін жоғалта отырып, мәжбүрлі түрде кез-келген жұмысқа орналаса бастайды. Біз қоғамда осындай мәселенің бар екендігін біліп, осы жағдайды шешуге кірістік»-дейді Upgrade School негізін қалаушылар.
Келесі бір мәселе- компанияға нарықта сирек кездесетін, аз дайындалатын мамандық иелері қажет. «Мысалы қазір бизнеске SMM-мамандар керек. Біз осыған орай тез арада SMM-мектебін ашамыз. Спикерлер- Agarty жарнамалық агенттігінің директоры Владимир Джабаров, RED Agency digital-агенттігінің өкілі, «Давай Сходим» порталы, маргетолог Нурлан Байдилда, копирайтер The Steppe және т.б.» шақырылады.
US студенттер тәжірибе жүзінде маркетингті үйренеді, кәсіпкерлік машықтарды алады, тегін түрде жұмыс істейді. Абылайдың айтуы бойынша, бұл мектепте дайын кеңес немесе бизнес ашудың болмаса қалай дамудың дайын нұсқасын берілмейді. «Батыс мемлекеттердің әдебиеттері керемет жазылған, бірақ оны бізде қолдануға келмейді. Біз ең алдымен өзіңе ұнайтын іспен айналысуға кеңес береміз, қандай салада тәжірибең бар, ата-анаң, достарың немен айналысады сол туралы ойланып көр. Әдетте адам дәрігердің оқуын оқиды, ал оның ата-анасы заңгер, өзі бағдарламашы болғысы келеді. Мұндай жағдайда таңдау жасау өте қиын, себебі студент үйде бір нәрсені, университетте басқа бір мәліметті естиді, ал үшінші ақпарат оған керек. Біздің кеңесіміз өзара байланысты 1-3 саланы таңдау. Ол сала саған қажет пе, әлде қажет емес пе соны түсініп тез арада шешім қабылдауы тиіс»-деп өз ойымен бөлісті Абылай.
Жұмыстың нәтижесі мен жоспарлары
Қазіргі таңда Upgrade School түлектерінен сәтті бизнес-жобалармен айналысып жүргендері де бар.
Мектептің 2 ағымдағы түлегі Аманжол Смағұлов-ағылшын тілінен онлайн-курс ұйымдастырды. «Мен скайп арқылы одан ағылшын тілін үйреніп жүрмін-дейді Абылай. Оның бизнесінің қолайлы жағы ол ешқайда бармай-ақ айына 500-600 мың теңге ақша таба алады. Мұндай бизнес-модельдің бір ыңғайсыз жағы, ауырып қалғанда ақша табу мүмкін емес».
Стас, 24 жаста ұшатын дрон (квадрокоптер) арқылы аэросъемка жасайды. Аділ, 23 жаста көлік иелеріне арналған құрал жабдық іздейтін мобильді қосымша құрастырды. Данияр, 20 жаста, ҚазҰУ-дың үшінші курс студенті Candybox.kz дүкенін ашып, әлемнің әр жерінің тәттілерін сатумен айналысады, осылайша өз жобасын жүзеге асырып, логистикасын дұрыс ойластырды, қазір оның бір айдағы кірісі 1200000 теңгені құрайды.
Алишер атты студенттің бір айдағы кірісі 600 000 теңге: ол атаулы свитшот жасаумен айналысады, бағалы материалдар мен сапалы тігу, сонымен қатар тұтынушылармен жақсы сөйлесу арқылы пайда табуда.
AlmaU түлегі Дархан Құралас US курсын аяқтап, қазір ағаштан блокнот, қаптар тағы басқа өнімдер жасаумен айналысады.
Мектептің тыңдаушысы - Таир Кудреев, қазір екі пабликті: kudaalmaty, kudaastana айналдыруда, «Давай сходим» жобасы тәрізді және жақсы пайда табуда.
Аманжол ерекше бизнес-идея ойластырып ашты, ол әдебиет кафесі форматында «451» кітап дүкенін ашты, онда комикстер, кітаптар және ойындар, әрқашан да Дэн Браунның кітаптары тәрізді соңғы шыққан әдебиеттерді сатып алуға болады.
«Сәтті бизнес ашқан түлектер жайында көптеген мысалдар келтіруге болады. Аслан өзінің фут залында балаларға футболдан дайындық жүргізеді, сонымен қатар кроссовки сататын дүкен ашты. Бейбарыс мамандығы бойынша медицинаны аяқтаған, фото түсірілім жасаумен айналысады. AlmaU-дың түлегі Виктория республиканың 3 қаласында караоке-микрофон сатумен айналысады»-дейді Абылай.
Қазіргі уақытта US -та оқу оффлайн және онлайн-форматта жүзеге асырылуда, біздің мектепте Қытай, Еуропа, Канададан келген отандастарымыз оқуда.
Абылай өз жобасын дамыту үшін көптеген жоспарының бар екендігін жасырмайды. «Нарықтағы алдыңғы қатарлы инновациялық жаңалықтарды қолдану ойымызда бар, кәсіпкерлердің сұраныстарын зерттеп, нақты құралдарға негізделген бағдарлама жасаймыз. Негізінен тәжірибе - машықтарды дамытуға күш саламыз. Мұны тез арада орындауға болады. Қазір SMM жүргізу үшін белгілі копирайтер немесе дизайнер, видеомейкер болу міндетті емес. Біз 12 сабақтан тұратын дизайнер мектебін ашпақшымыз, онда балалар өздері логотип, баннер және басқа да промо-өнімдер жасауды үйренетін болады».
Upgrade School жұмысын бастағалы өз түлектерінің жобаларына 2 миллиондай ақша жұмсады. Upgrade School негізін қалаушылар болашақта мектеп жанында қор ашылатындығына үміттенеді, содан кейін бірлескен (оқушылармен) бизнеске инвестиция салу жоспарланған.