Шетелдік студенттер AlmaU-ды таңдады!

Жаңалықтар

Қыркүйек 05, 2016

Шетелдік студенттер AlmaU-ды таңдады!

Aлматы Менеджмент Университетінде (бұрынғы ХБА) тамыздың соңғы күндерінде шетелдік студенттер үшін бейімделу іс-шаралары өтті. Франция, Австрия және Оңтүстік Кореядан келген студенттер бағдарлану аптасының бай бағдарламасымен танысты.

Студенттерді Алматы әуе жайында құшақ жая қарсы алды, олар үшін Халықаралық даму басқармасы  университет кампусы бойынша экскурсия ұйымдастырды.  Студенттер қала тіршілігімен әрі студенттік өмір тынысымен танысып, қатты қызығушылық туды. Бұл таңқаларлық емес , себебі  олар осында, кем дегенде, бір  семестр оқиды.

Негізгі презентациялардан басқа қарқынды бағдарлану бағдарламасы қалаға тегін экскурсия, Университеттің топ-менеджменті өкілдерімен кездесулер, студенттермен жұмыс жөніндегі орталықтың, тілдер орталығы мен факультеттердің өкілдерімен кездесу кірді, сондай-ақ, AlmaU –дың  инновациялық мұражайы тамашалады. Барлық қатысушылар жоо-да оқыту және  сабақтан тыс іс-шаралар туралы жалпы ақпарат алды,  & ArtZone AlmaU спорт кешенін, кітапхана, кафе, асханада   болып қайтты.

Сонымен қатар студенттер  Қазақстан Республикасында болу және AlmaU-да  оқуға байланысты барлық қажетті ақпараттарды  үйлестірушілерден жеке және топтық кеңес беру отырыстарына қатысып, алуларына болатыны айтылды.  Студенттер  құжаттамаға, ғылыми-зерттеу, тұратын жерге орналастыру ( серіктестік қонақүйлер), көші-қон және визалық мәселелер, медициналық сақтандыру  сұрақтар қойды.

Шетелдік студенттерге алғашқы күндерден бастап шетелде болу тәртіптерімен,, жоғарғы оқу орнымен, қаламен танысу жаңа ортаға қалыптасуға, Қазақстанда жайлы орналасуға көмектеседі, бұл  олардың жалпы үлгерімі, тұлғалық даму және жақсы көңіл-күйлері үшін өте маңызды. 

Неге AlmaU?

 Шетелдік студенттердің  Еуропа мен Азияның  әр қаласынан келгендерін  айта кету керек, және олардың білім, тәжірибе деңгейлері әртүрлі, мүдделері де  әртүрлі. Олардың неге  Қазақстанда оқуға шешім қабылдағандары туралы  және Almaty Management University  таңдағандары  туралы  әңгімелерін Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

«Мен саяхаттауды сүйемін, мен үшін бұл өте қызықты - жаңа елдер, жаңа мәдениеттерді үйрену және  басқа университеттер қалай жұмыс істетінін білу,  Еуропада қалудың орнына ешнәрсесін білмейтін жаңа елге барғанды қалаймын», -  деді А. Karniel, IESEG, Франция (алмасу студенті).

 «(...) Мен Кореяда жүргенде орыс тілі мен әдебиетін үйрендім, сонымен қатар Орталық Азияны -  Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстанды зерттегім келді. ( ...) Кореяда мен Қазақстаннан келген  көптеген жақсы адамдарды көрдім.  Олар мені қатты шабыттандырды. Олар, шын мәнінде, маған осы университетте оқуға, мұнда келіп шешім қабылдауға көмектесті. Мен осында Қазақстан туралы көбірек білу үшін, осындағы тілдер – қазақ және орыс тілдерін білуге келдім. Бұл менің мақсатым.» дейді  - Е. Ким, Оңтүстік Корея.

 «Бізде, Инсбрук қаласында  Алматы қаласынан алмасу бағдарламасымен келген  студенттер болды. Олар маған қала, осындағы өмір және   университет туралы айтып берген.  Содан кейін ешқашан көрмеген әлемнің осы бөлігін де тамашалайын деп шештім. Бұл мен үшін жаңаны тану мүмкіндігі», дейді  М. Shtelts, МАМ, Австрия.

 «(...) Менің идеям сонда,  білмеген елді тану, осы  ел туралы ешқандай мәлімет білмедім, мұнда қалай өмір сүруге болатынын көргім келді. Мен AlmaU «Орталық Азиядағы өте жақсы университет екенін білдім, сондықтан осында келдім,»-  Р. Kasparyan, IESEG, Франция.

AlmaU Қазақстанға алыс шетелден оқуға келген студенттерге сәттілік тілейді! Сіздердің осында   алған  біліміңіз болашақ  мансаптық мақсаттарыңызға тірек болсын  және  мүмкіндіктердің  кең ауқымын берсін! AlmaU бортына қош келдіңіздер!

Бөліс: