AlmaU -да Үсен Сүлейменмен кездесу өтті
Қазақстанда жас маман алғаш қызмет жолын бастаған кезінде нені білуі қажет? Қандай мақсаттары болуы тиіс? Қызметте және жеке өсу жолында жетістікке жету үшін өмірге деген қандай көзқарасы болуы керек? Бұл сұрақтарға Үсен Сүлеймен жауап беріп, өз тәжірибесімен бөлісті.
2018 жылғы 19 желтоқсанда AlmaU-да Қазақстанның Сингапур мен Жаңа Зеландиядағы елшісі Үсен Сүлейменмен кездесу өтті. Үсен Сүлеймен дипломатия саласында жақсы мансап жолын құрған және ғылым мен білім саласында айтарлықтай тәжірибесі бар тұлға. Қонақпен кездесуге университет басшылығы, Аймақтану мамандығының студенттері мен қызметкерлері келді.
Үсен Сүлейменді нағыз "self-made" деп атауға болады. Ол өз қызмет жолын ҚР СІМ хаттама департаментінің үшінші хатшысы қызметінен бастаған. Мансап жолымен алға жылжи отырып, Үсен Сүлеймен ҚР СІМ ынтымақтастық департаментінің халықаралық ұйымдар бөлімінің бастығы болды. Одан кейін кішігірім үзіліс жасап- ҚР Президенті жанындағы ҚМЭБИ Университетінің дамыту жөніндегі корпоративтік директоры қызметін атқарған. Дипломатиялық қызметке қайта оралғаннан кейін Үсен Сүлеймен Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің саяси және мәдени істер жөніндегі басшысы орынбасарының - кеңесші қызметіне ие болды, сондай-ақ Ирандағы елшілікте жұмыс істеді, Макао (ҚХР) және Гонконгтағы Қазақстанның Бас Консулы одан кейін Венадағы кеңесші-уәкіл, одан соң ерекше тапсырмалар елшісі болды. Дипломатқа қажетті барлық кезеңдерден өтіп, Үсен Сүлеймен Қазақстан Республикасының Сингапур, Австралия және Жаңа Зеландиядағы елшісі қызметін атқарды.
Кездесу барысында Үсен Сүлеймен дипломаттың жұмысы және Сингапурдағы өмірі туралы қызықты оқиғаларды айтты. Сондай-ақ ол тыңдаушылармен басқару өнері жайлы ой-пікірімен бөлісті, студенттердің қойған сұрақтарына өз көзқарасын білдірді, аймақтық және халықаралық саясат арасындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтар жайлы әңгімеледі.
"Білім-дипломат үшін де, болашақ басқарушы үшін де ең маңызды құрал. Сіздер білесіздер, кеңестік білім әлемде ең үздік болды. Кеңес Одағының Коммунистік партиясы-бізге марксизм, феминизм, философия, жалпы даму заңдарын зерттеуді үйреткені үшін ризамын. Батыстық білім беру жүйесі-тар, бір ғана бағытта үйретеді", - деді Үсен Сүлеймен.
Кездесу соңында Үсен Сулемен студенттердің сұрақтарына жауап беріп, көрермендердің назарына Жаңа Зеландияның елшілерімен болған кездесуінің бейнебаянын ұсынды және ол елдің мәдениет ерекшеліктері туралы айтты.