4 наурызда Алматыда студенттердің маркетинг және әлеуметтану салаларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша «ЖАС ЗЕРДЕ» II Халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталады.
2016 жылдың 4 наурызында студенттердің маркетинг және әлеуметтану салалаларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша «Жас зерде» ІІ Халықаралық байқауының ақырғы кезеңі өтеді. Оны ұйымдастыру - Қазақстанның қоғамдық пікірді және нарықты кәсіби зерттеушілер қауымдастығы (КАПИОР) және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU). Қосымша ұйымдастырушылардың бірі - Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығы, маркетологтар Гильдиясы.
Жұмыстардың қорытынды қорғауы Алматы қаласында Алматы Менеджмент Университетінде (бұрынғы ХБА) өтеді.
Байқауды өткізу мақсаты – зияткерлік әлеуетті қалыптастыру және шығармашылық бастамашылдықты және студенттердің сыни ойлау қабілеттерін дамыту әрі маңызды салалар бойынша өз беттерінше зерттеу жүргізуді қолдау.
«Байқауға 3 мемлекеттен, атап айтқанда Қазақстан, Ресей, Украинадан және 11 қаладан 69 студент қатысты. Студенттер сан аулан тақырыпқа зерттеулер жүргізген: маркетингтегі инновациялар, ұлттық идеология және елдің бренді, экологиялық қауіп және жасыл технологиялар, әлеуметтік мәселелерді зерттеу әрі оның шешімін іздеу, түрлі нарықты зерттеу – фаст-фудтан бастап ұялы телефонға дейін. Зерттеу жұмыстары таза студенттік әрі ендіруге дайын кәсіби деңгейдегі жұмыстар!» - дейді Александр Рузанов, КАПИОР төрағасы
Байқаудың бірінші кезеңі online-форматта өтті. Сарапшылардың қорытындысы бойынша ақтық турға жіберілгені 22 команда болды. Ақтық мәре студенттер дайындаған зерттеу жобаларын қорғаумен ғана шектелмейді, тағы да қызықты шеберлік мектептері ұсынылады.
Байқау жұмысына қазылар алқасы ретінде Қазақстанда белгілі ірі зерттеу компанияларының танымал практиктері, мысалы, Маркетологтер Гильдиясы, Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы, Kcell компаниясы, Еуропа банкі қатысты.
Байқаудың жабылу салтанатында маркетинг және әлеуметтану секциялары бойынша жеңімпаздар мен номинация жүлдегерлері аталады, олар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар түрлі номинациялар бойынша демеушілер атынан сыйлықтар күтіледі.
Жаңа идеялар, инновациялық шешімдер, креативті көзқарас – осының бәрін Сіздер Алматы Менеджмент Университетінде 4 наурызда көре аласыздар.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:
Қазақстанның қоғамдық пікірді және нарықты кәсіби зерттеушілер қауымдастығы (КАПИОР) – 2002 жылы құрылған және Қазақстанда жұмыс істейтін 7 зерттеу агенттігін біріктіреді (Бисам, ЦИОМ, БРИФ, САНДЖ, ИСАС, Гфк Казахстан, Eximar). Төрағасы – Александр Рузанов, атқарушы директоры – Марина Самохвалова.
Almaty Management University (Alma University, AlmaU), бұрынғы Халықаралық Бизнес Академиясы – Қазақстандағы және Орталық Азиядағы №1 бизнес ЖОО (Eduniversal, Франция).
ҚР ең алғашқы бизнес-мектеп, Қазақстан тәуелсіздігінен 3 жыл бұрын 1988 жылы құрылған. Университет алғашқы кәсіпкерлерді менеджментке оқытқан, алғашқы ҚР МВА және ДВА бағдарламалары, үздік оқытушылар және сұраныс бар түлектер .
Университетте Бизнес Жоғары Мектебі, Құқық Мектебі, Қаржы және Менеджмент Мектебі, Экономика және Сервис Мектебі, сонымен қатар бакалавриат мамандықтары бойынша базалық дайындық факультеті жұмыс істейді. Алматы Менеджмент Университетінің даму бағыты жаңа Мектептер ашуға және жұмысы жүріп жатқан мектептерді дамытуға негізделген. Alma University – менеджерлерді оқытуға, жас кәсіпкерлерді дайындауға арналған ерекше алаңқай, сонымен қатар инновациялық «үш шиыршықтың» «мемлекет-бизнес- жоо» өз ара байланысы.