Zoltan BUZÁDY: « Венгрия мен Қазақстанның құндылықтары ұқсас»

Жаңалықтар

Наурыз 13, 2016

Zoltan BUZÁDY: « Венгрия мен Қазақстанның құндылықтары ұқсас»

2016 жылдың ақпаны мен наурызында  Aлматы Менеджмент Университетінде ұзақ мерзімді сапармен  CEU Business school (Венгрия, Будапешт) менеджмент және ұйымдастыру кафедрасының доценті,  MBA, PhD  Zoltan BUZÁDY мырза  болды.

Бизнес пен менеджментке оқыту саласында сарапшы  болып танылатын қонағымыз AlmaU магистранттары мен докторанттарына «Көшбасшылық құзіреттілігін дамыту» тақырыбына дәріс оқыды. Золтан мырзаның Қазақстанға бірінші келуі емес, оның біздің елімізден алған әсері ерекше.

- Золтан, Қазақстанға келуіңіздің себебі не?

- Мынадан бастағым келеді, алғаш рет мен Алматыға MBA бағдарламасына тыңдаушылар  жинау  үшін 3 жыл бұрын келдім. Сол кезде ҚБТУ –да менеджмент бойынша дәріс оқыдым, бұған дейін Венгрияда MBA бағдарламасында оқып жүрген  қазақстандық студенттермен кездескен болатынмын, яғни менің қазақстандықтарды білуім, тануым кеше басталған жоқ...

- Сіз мұнда  Central European University бизнес-мектебі атынан келдіңіз ғой…

- Иә, оны сіздің  университетіңізбен салыстыруға болады, себебі оның да қызметі бизнес пен қоғамды дамытуға бағытталған, жас жағынан да  жобамен университеттеріміз қатар.

- Ал  венгерлік және қазақстандық  студенттер бір-бірлеріне ұқсай ма?

- Ұқсас мәселелері бар деп айтар едім. Бір жағынан, біз студенттерге Батыстан келетін бизнестің заманауи тұжырымдамаларын және ұйымдастыру жолдарын  үйретуіміз  керек. Бірақ, екінші жағынан, сол идеялар келетін елдердің  мәдениетінен  айырмашылығымыз бар. Себебі батыс құндылықтары біз бен сіздікінен өзгеше ғой.

- Яғни сіз  Венгрия мен Қазақстан  құндылықтары ұқсас демекшісіз бе?

- Дұрысы, олар батыстың, американың түсінігінен  ерекшеленеді. Бұл менің пікірім, себебі мен сіздердің студенттеріңіз бен еліңіз туралы біраз нәрсе біліп қалдым.

- Біздің білуімізше, сіздің келуіңіз  CEU мен AlmaU арасында жасалған келісім арқасында болып отыр…

- Иә, келісім  CEEMAN ынтымақтастығы аясында болған, біздің университет те,  мен де қауымдастықтың белсенді мүшелеріміз. Атап кеткім келетіні,  AlmaU қыркүйекте  суперконференция ұйымдастырды! «Rixos» және «Бахчи-Сарай» отелінде өткізген күндерім ұмытылмайды, ең алдымен, сіздің университетіңіздің ұйымдастыру деңгейінің жоғары болғанындығында.

- Қуаныштымыз, ілтипатыңызға рақмет!

- Мен осы  мәнді күндерге ризамын, мұнда бәрі қызық, мен сіздерге ұқсас ел - Венгриядан келіп отырмын. Венгрияда бәрі Қазақстанмен түбіміз бір екенін біледі, бізде де киіз үй, жылқы бар, тіліміз кішкене ұқсас. Қазір мен сіздердің университетте жұмыс істеуге қатты қызығып жүрмін, жазғы мектепке келсем деген жоспарым бар, ұзақ уақытқа келешекте стратегиялық серіктестер боламыз деп үміттенемін.

-  AlmaU-дағы жұмысыңыз туралы айтып беріңізші, сіз неден сабақ бересіз?

- Қазір мен ағылшын тілінде шетелдік студенттерге (қазақстандықтарға) курс өтіп жатырмын. Бұған қоса CEEMAN’s Champions Award байқауында   1-орын алған өзімнің  жеке  case-study-лерімді   қолданып жатырмын. Мен көбіне, бейнефильмдерге түсірілген  ойындарды қолданамын, олар клиенттерге ұнайды.  Студенттерге де ұнайды,  AlmaU студенттеріне де ұнайтынын байқадым. Бұл жағымды  психология тұжырымдамасын нығайтады, ол туралы толығырақ   Чиксентмихайидің  «Поток» кітабынан біле аласыздар, оның кітаптары орыс тіліне аударылған. Өткен жылы мен онымен (Михай Чиксентмихайимен – авт.),  авторлықта кітап жаздым, биыл тағы да бір кітап жазып жатырмыз. Сонымен қатар AlmaU-да   PhD курсын дәріс оқып  жатырмын, мұнда бизнес бойынша курсты қалай тиімді өтуге болатыны жайында,  коммуникацияны, оқу үдерісінің динамикасын және ынталандыруды үйреніп жатырмыз.

- Біздің студенттер туралы пікіріңіз қандай, олар қандай?

- Олар өте белсенді, күнде түрлі іс-шаралар ұйымдастырып жатады, спортпен шұғылданады. Чиксентмихайидің жағымды психологиясы бойынша, егер адамдар белсенді болса,  спортпен, шығармашылықпен  айналысса, соның өзі тура бақытқа апаратын жол. Осындай «ағын» болған жағдайда жоғары міндеттер, белсенділік пайда болады, ал бұл  жақсы дағдылар топтамасы.  Университеттеріңізге студенттер келгенде олар көптеген кедергі, қиындықтар кездестіреді ( тек қана академиялық емес, себебі көп іс-шара ұйымдастырылады), сол кезде олар дағдыларын дамыта бастайды.  Студенттер сол қиындықтарды игере білген жағдайда олар бақытқа кенеледі, солай «ағын» пайда болады, сол ағынмен ілескендер өздерін жайлы сезінеді, себебі олар табысты, шығармашылық тұлғаларға айналады. Университетті бітірер кезде сол қалыпта болып, олар міндетті түрде жұмыста да сол жағдайды  іздейтін болады. Сондықтан  университетке келешекте өскісі келетін студенттерін қабылдауға дайын, оларды қолдайтын корпоративті серіктестерімен байланыстарын жақсарту қажет

- Сіз біздің студенттерге деген көзқарасымыздан нені өзгертер едіңіз?

- Мүмкін, сабаққа қатысуларына  байланысты талапты күшейтер едім. Себебі «ағын» қалпы  шоғырлану жағдайымен де байланысты, мұны адамның миын зерттейтін ғалымдар және психологтер растайды.  Егер көп іспен айналысса, бір де бір суретші, спортшы, жазушы табысты бола алмайды, сондықтан бізге бірнәрсеге  ерекше назар тоқтатуымыз  керек. Осындай  назарын тоқтату  тәртіптен басталады, яғни егер басталуы сағат 6-да болса, сен 6-да жасайсың, кейінге қалдырмайсың. Маған студенттеріңіздің белсенділігі ұнайды, олар маған барлық жағынан көмектеседі, AlmaU-дағы  әріптестерім туралы да соны айтқым келеді.

- Ал Қазақстан туралы қандай пікір қалыптасты?

- Білесіз бе, Еуропадағы адамдар Қазақстанға барамын десем, таңқалады. Олар оның Орталық Азия жақта екенін біледі , бірақ мен оларға бұл өте ұлкен ел екенін, бір қаласынан екінші қаласына 3-4 сағат ұшасың, ал пойызбен 2-3 күн жүресің  деп айтамын.  Бізде 3 сағат ішінде  Будапештен Рейкьявикке дейін немесе  Дублинге жетесің, ал мұнда осының бәрі бір елдің ішінде өтуде.

- Бізде мынадай ұғым бар, ол - «қазақ  менеджменті», кейбіреулер оған  непотизмді, рулық байланыстарды, жүзге  бөлінуді жатқызады. Осы және басқа да факторлар ұлттық менеджментті, оның ерекшелігін  құрайды деп айтады. Сіздің пікіріңіз қандай: әр

 елдің менеджментінде айырмашылықтар бар ма, мүмкін ұлттық, ментальді?

- Меніңше, бар. Мысалы, скандинавия елдерінде, Америкада қарым-қатынастың бір деңгейі ғана бар, ал Орталық Азия мен Орталық Еуропада  қазір қосымша деңгей пайда болды, ол тереңдеу , ал араб елін алатын болсақ, онда бұдан да терең. Бұл шындық, мен бұны жаман деп айта алмаймын. Егер Америкадан біреу келіп, осында өз тәртібімен басқаратын болса,  бұл жаман, себебі ол жергілікті менеджментті  білмейді.  

Бөліс: