Танысыңыздар: AlmaU Студкеңесінің Президенті Нигора Баховудинова!

Жаңалықтар

Қазан 04, 2016

Танысыңыздар: AlmaU Студкеңесінің Президенті Нигора Баховудинова!

27-28 қыркүйекте Алматы Менеджмент Университетінде жоо Студенттік Кеңесі  Президентін сайлау  өтті. Бұл сайлауға университеттің кез келген студенті қатыса алады. Екі күнгі сайлаудың қорытындысы бойынша «Логистика» мамандығының студенті  Нигора Баховудинова жеңіске жетті! 

Сайлаудың мақсаты – университеттің қоғамдық өмірін  жетілдіруге, өзгертуге қабілетті, студенттерді әлеуметтік белсенділікке ынталандыруға  көшбасшыны анықтау. Сайлаудың сәтті өтуі сайлаушылардың  бастамашылығына да байланысты болды.   

Президент лауазымына  мерзімі мен талаптарына сәйкес үміткер ретінде екі студент тіркелді:

1)            Вольмир Пак, 3 курс, Қоғаммен байланыс.

2)            Нигора Баховудинова, 3 курс, Логистика.

            Үміткерлердің          үгіт жүргізу  кампаниясы 2016 жылдың  13 –нен  23 қыркүйегіне дейін жүргізілді.

Сонымен қатар, 2016 жылдың  22 қыркүйегінде  Вольмир мен Нигора студенттерге өз бағдарламаларын ұсынып, пікірталас өткізіп, алдағы студенттік өмір жайлы, жоспарлар мен мүмкіндіктері жайлы сұрақтар қойылды.

Сайлау екі күн 1 қабатта фойеде ұйымдастырылды, 1 курстан 4 курс студенттеріне дейін  бәрі белсенді түрде дауыс берді. Дауыстарды санау үшін  Комиссия құрылып, студенттер ішінен бақылаушылар тағайындалды. Дауыс беруден кейін 28 қыркүйекте сағат  17.00-ден   19.00-ге дейін  Комиссия дауыстарды есептеді.

Сонымен, сайлау қорытындысы бойынша 507 студент дауыс беріпті, олардың ішінде:

•              Нигора Баховудиноваға  дауыс бергендер268 адам (53%);

•             Вольмир Пакқа233 дауыс (46%);

•             Есепке алынбаған дауыстар – 6 дауыс (1%).

Сонымен,  53% дауыс жинап, Нигора Баховудинова AlmaU Студенттік Кеңесі Президенті болып сайланды. Біз жеңімпазбен әңгімелестік !

- Нигора, айтып берші, сайлау қалай өтті?

- Бұл соңғы үш жыл ішінде өткізілген  Студсовет Президенті сайлауы.  Басты мақсат  студенттер сайлаудың қалай өтетінін және сайлау алдындағы кампания жұмысын көрсету болды, біз студенттердің өздері шешім қабылдап, екі команданың жарысуын бақылап көрсе деп едік.  Вольмир – өте мықты адам, ол жақсы оппонент, онымен жарысқа түсу қызықты болды.  

- Қалай ойлайсың,  неліктен сен жеңіске жеттің?

- Ең алдымен, біздің арамыздағы айырмашылық көп болмады, небәрі  35 дауыс. Менің жеңіске жетуімнің себебі - жақсы бағдарламада, студенттердің маған деген сенімінінде, мен 2-3 курс студенттерімен жақсы таныспын, олармен жұмыс істегенмін. Студенттер менімен басқа жобаларда бірге істеген, олар менің жеке басымның әрі кәсіби қасиеттерімді біледі. Өткен жылы AlmaU Teem Студсоветінің мүшесі болғанмын.  Ірі іс-шараларды ұйымдастырумен айналыстым: студенттер қатарына қабылдау,  Golden Middle, Charity Wish Tree қайырымдылық акциясы. Яғни  мен бұл жұмыспен таныспын, тәжірибем бар десе де болады.

- Студсовет Президенті лауазымында не істемексің?

-  Студкеңестің міндеті –  студенттік  клубтарға көмектесу, оларды дамыту,  кеңестер беру, қала деңгейіне шығуға мүмкіндіктер беру. Менің ойымша, біздің басты мақсатымыз – студенттерді тек университет қабырғасында ұстамай, сырт жақта үлкен жобаларын жүзеге асыруға жағдай жасау.  

Мен  студенттерге олардың өтініштеріне, тілектеріне мән беріліп,  тыңдайды деп уәде бердім. Әзірге бізде студенттердің тілектерін әкімшілікке жеткізетін адам жоқ. Енді маған  омбудсменнің рөлін атқаруға тура келеді. Сонымен қатар мен барлық студенттік клубтар мен студенттік  активтің бірігуіне  ден қойғым келеді. Студенттер өздерін бытырыңқы  сезінбес үшін, ынтымақ пен бірлік керек, сол кезде олардың бойында университетіне деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезім пайда болады.

Жақын арада  Нигора студенттер арасында сауалнама жүргізуді жоспарлап отыр. Студенттердің тілектерін біліп, олардың ойы бойынша, жоо-ның қай жағын жақсарту керек, туған университетіне қалай пайда келтіргілері келеді, анықтап алғысы келеді. 

Жеңімпазды құттықтаймыз, сонымен қатар сайлауға қатысқан бүкіл студенттерге ризашылығымызды білдіреміз!

Бөліс: