Тәжікстанда МВА ашылды!

Жаңалықтар

Наурыз 03, 2020

Тәжікстанда МВА ашылды!

Менеджмент және бизнес академиясы (МБА) AlmaU-дың Жоғары бизнес мектебімен бірге MBA «Қаржы  инжиниринг» бағдарламасы бойынша  2020-2021 оқу жылында магистратурада 60%  жеңілдікпен бизнес-оқытуды ұсынады.

 

MBA «Қаржы инжиниринг» бағдарламасы бойынша сабақ Душанбе қаласында модульдік-қашықтық бойынша орыс тілінде өтеді. Онда  AlmaU Жоғары бизнес мектебінің үздік сертификатталған жаттықтырушы-мамандары сабақ береді.

 

«Қаржы инжиниринг»  МВА  бағдарламасы қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына бағдарланған және турбулентті макроорталық жағдайында қаржылық тәуекелдерге талдау жасау мен бағалаудың қазіргі заманғы құралдарын игеруге мүмкіндік береді.

 

Аталған бағдарлама тыңдаушыларына  ұсынылатын «Қаржы  инжиниринг» модульдері бизнес пен инвесторлардың мүдделерін қорғау үшін сараптама жасау, тәуекел және кіріс әкелу  құралдарын қолдана отырып, қаржылық және инвестициялық менеджменттің комбинаторлық стратегиясын дайындауға  бағытталған. Қаржылық инжиниринг саласындағы мамандар инновациялық қаржы құралдары мен процестерін жобалаумен, әзірлеумен және жүзеге асырумен айналысады, сондай-ақ қаржы және инвестициялар саласындағы мәселелерді  шешудің жаңа тәсілдерін іздеумен шұғылданады.

 

Бағдарлама GARP (Global Association of Risk Professionals) Халықаралық сертификаттаудан сәтті өтті және Қазақстан Республикасындағы МВА-ның  екі аталым бойынша жаһандық аккредитациясы бар жалғыз бағдарлама  болып табылады

 


 

Бағдарлама қатысушылары:

• қаржылық тәуекел-менеджерлер 

•қаржылық және инвестициялық талдаушылар

•қаржы директорлары, жеке инвесторлар

•бизнес міндеттерді жүйелеу үшін қаржылық тәуекелдерді басқарудың нақты технологиялары жүйесін меңгергісі келетін бизнесмендер 

    

Білім берудің артықшылықтары:

 

         •Жаңа құралдар мен модельдеу техникаларын меңгеру, болжау жасауды  тереңдетіп оқыту (компаниядағы тәуекелдерді басқару үшін Excel, eviews, Minitab-та озық құралдар мен болжау жасау және модельдеу техникаларын зерттеуге ерекше назар аударылады).

        •  Жаңа құралдар мен модельдеу техникаларын меңгеру, болжау жасауды  тереңдетіп оқыту (бағдарлама тыңдаушылардың басқарушылық дағдылары мен қаржылық және инвестициялық тәуекел жасай білу-менеджердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған).

         •  Бағдарламаның оқу жоспары халықаралық сертификаттаудың талаптарына сәйкес (оқу жоспары CFA (Chartered Financial Analyst) және FRM (Financial Risk Manager) қаржы саласындағы халықаралық сертификаттау бағдарламаларының талаптарына  сай жасалған). 

          • Оқыту ыңғайлы форматта өткізіледі (Бағдарлама іс жүзінде  болады және теория жүзінде өткізіледі, тәуекел-менеджмент саласында өз кәсіби құзыреттерін арттыра отырып, өндірістен қол үзбей оқи алады).

         • Білікті оқытушылар құрамы сабақ жүргізеді (бағдарламаны көп жылдық еңбек өтілі бар қаржы нарығының маман-оқытушылары өткізеді, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкі магистратурасының атақты оқытушылары сабақ береді).

 

Курс аяқталған соң, тыңдаушылар:

    1 AlmaU Бизнес Әкімшілік Магистратурасының дипломын алады  (халықаралық деңгейде белгілі)

    2 АМВА-ның жеке сертификаты тапсырылады (халықаралық деңгейде белгілі)

 

Білім беру форматы: модульдік-қашықтықтан оқыту  қол үзбей білім алуға, оны тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.

Оқу мерзімі: 2 жыл 

 

Толық ақпаратты мына телефон нөмірлеріне хабарласып білуге болады: +7 (727) 313-30-78; +7 (727) 313-30-79; 

                                                                                                                                         Сайт: https://gsb.almau.edu.kz/

 

 

 

Бөліс: