Польшаға дейін «жеткізген» тіл
Алматы Менеджмент Университетінде (бұрынғы ХБА) 5 ақпанда Поляк білімін шетелде дамыту орталығының өкілі, поляк тілі мен тарихының оқытушысы Хенрик Пжевжей қонақта болды. Қонақ 1 курс студенттерімен кездесіп, «Тіл- әлемге ашылған терезе» деген тақырыпта дәріс оқыды.
Өз өмірінен мысал келтіре отырып, Пжевжей мырза шет тілдерін білудің жоғары мансапқа жетудің жолы екенін айта келе, бұл үйреніп жүрген елдің мәдениетін, тарихын білудің тамаша құралы әрі ой-өрісіңді кеңейтуді мүмкіндігі екенін айтты.
«Тілдерді білу, меніңше, адамға ерекше артықшылыққа ие болуға мүмкіндік береді, -дейді қонақ. Тіл бізге басқа бір халықтың жанын түсінуге, жол ашады. Тіл арқылы тек сөздер, олардың атауы ғана берілмейді, сонымен қатар ойы, сезімдері, басқа ұлттың ерекшеліктері беріледі емес пе?!»
Студенттер кездесу тақырыбына қызығушылық білдірді әрі шет тілін үйрену бойынша нақтырақ сұрақтар қойды.