Әлемнің үздік бизнес-мектептерінің МВА түлектері Алматыға келді!

Жаңалықтар

Ақпан 12, 2016

Әлемнің үздік бизнес-мектептерінің МВА түлектері Алматыға келді!

Global Executive MBА (London Business School, Columbia Business School және  Hong Kong University Business School) үш жақты (бірлескен ) бағдарламасы әлемдегі Executive MBА топ-5 бағдарламасы. Осы бағдарламаның 20 студенті мен түлектері Қазақстанға келді, олар МВА-ліктердің бұрыннан келе жатқан дәстүрі бойынша кезекпен әр курстастарында қонақта болады. Бұрынырақ олар осы дәстүрді сақтап,  Тайваньда, Қытайда,  Вашингтонда, Пекинде, Сеулде және Жапонияда болған.

Бұл  кездесулердің өзіндік мақсаты мен міндеттері бар: олар экономиканы дамытуға ықпал етеді, бұл бизнес өкілдерінің танысуларына мүмкіндік беретін алаңқай іспетті әрі  түрлі елдің экономикасын біріктіретін  бір - біріне жақынырақ бизнес жасауға тиімді жол.

Келген қонақтардың қатарында  Samsung Electronics, Dell, Eurex, Gazprombank, Pfizer Inc, Spencer Stuart, BMW Group Romania, Lagardere Travel Retail China, Maxwell Capital Group, Brightmore Capital, Rackspace, Da Vinci Capital Management / IT Invest, Robb Report Russia, Evli Bank Plc, NN Group (Formerly ING), Grant Thornton UK LLP, Spencer Stuart, Jang Industries сияқты компаниялардың топ-менеджерлері бар..

Түлектер Қазақстанда көргендерінен ерекше әсер алды.  «Мен Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамып жатқанын көрдім, бұл сіздердің еліңізде трендке айналыпты, университет кәсіпкерлік білім беруді дамыту арқылы осы бағытты қолдап отырғаны қуантады», - дейді Michael Parker Лондон бизнес-мектебінің түлегі.

10 ақпанда кешке қонақтар бейресми жағдайда Almaty Management University МВА бағдарламасының түлектерімен кездесті.  Lemonadoff  бас директоры Азиз Эрметов,  Tengrinews директоры Сұңқар Карабалин,  Кусто Груп HR-директоры Мадина Қарсақбаева және басқалар қатысты.  

Осы іс-шараның басты жүргізушілері болып  «Kusto Management Limited» директорлар кеңесінің төрағасы, «Костанайские минералы» АҚ президенті  Еркін Татишев; ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту Қорының директоры Санжар Кеттебеков; Spencer Stuart, London, UK маркетинг бойынша директоры Katherine Liu-Bevan;  Grant Thornton, London серіктесі Simon Bevan;  Almaty Management University (AlmaU, бұрынғы ХБА) ректоры, іскери әкімшілік докторы  Асылбек Қожахметов болды.

« Мен AlmaU-дың осындай кездесу ұйымдастырғанына қуаныштымын, әрине, бұл халықаралық қатынастардың  және бизнес білім берудің дамуына пайдалы. Бұл бизнес-мектептер арасында бейресми байланыстарды орнатып қана қоймайды, сонымен қатар елдер арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді, » - деп,  Еркін Татишев өз ойын білдірді.

Әлем бизнес-мектептерінің түлектері AlmaU –дың ағылшын бөлімінде оқитын бакалавриат студенттерімен кездесті, спорт кешенін, кітапхананы, оқу орнының инновациялық мұражайын көрді, Alma University атриумының құрылыс жобасымен танысты. Қазақстанда болған бірнеше күн ішінде шетелдіктер ет жеп, қымыз ішіп, ұлттық тағамдарымыздың дәмін татты, Ұлттық мұражайға барды, сақтар моншасына түсті. Қонақтарға ерекше әсер еткені Алматының таулары болды, олар таудың үстінен тікұшақпен ұшып, тамашалады. Тау шаңғысын теуіп, қазақстандықтардың қонақжайлылығына риза  болды.  

Бөліс: