ALMAU СТУДЕНТТІК КЕҢЕСІНІҢ ПРЕЗИНДЕНТІН САЙЛАУ
Құрметті студенттер біз университетіміздегі студенттік кеңестің Президентін сайлау басталғандығын хабарлаймыз!
Қатысу үшін:
- AlmaU сайтындағы өтінішті толтыру;
- 2 немесе 3 курс студенті болу;
- Өз үгіттеу бағдарламаңызды дайындап, тобыңызды жинау керексіз;
Президент пен Студенттік Кеңестің міндеттеріне не кіреді:
- білім беру тәртібін нығайту
- жарғыны, университеттің ішкі тәртіп ережесін және Этикалық кодексті орындау бойынша студенттермен жұмыс жүргізу;
- студенттік ұйымдардың қызметін бақылау;
- студенттік кеңеске келіп түскен барлық үндеулер мен өтініштерді белгіленген тәртіпте уақытылы қарау;
- студенттік кеңестің оқу жылына арналған жұмыс жоспары мен ережесіне сәйкес жұмыс жүргізу;
- студенттердің әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдау.
Студенттік кеңеске 6 адам кіреді, олар:
- Студенттік Кеңесінің Президенті.
- Студенттік Кеңес Президентінің Орынбасары.
- Студенттер Кеңесінің Хатшысы.
- Студенттік Омбудсмен.
- Студенттік кеңес активі.
- Студенттік кеңестің ресми БАҚ-ы.
Өтініш беру мерзімі: 11.10.2021
Төменде "Студенттік Кеңестің Төрағасы лауазымына өтініш формасы", "AlmaU Студенттер Кеңесіне сайлау ережесі" мен "Студенттік Кеңес ережесі" құжаттары бекітілген. Олардан кандидатураны ұсыну, сайлау алдындағы үгіттеу, сайлау кезеңдері, оның нәтижелері мен Студенттік Кеңес Президентінің жалпы міндеттері жайлы ақпарат ала аласыз.
Студенттік Кеңес Төрағасы лауазымына өтініш формасы: https://almau.edu.kz/images/uploads/files/26df6b41c8e105b38163b892224a6d78.docx
AlmaU Студенттер Кеңесіне сайлау ережесі: https://almau.edu.kz/images/uploads/files/c70670ac80784bb2dd2f7979871d4bb2.docx
Студенттік Кеңес ережесі: https://almau.edu.kz/images/uploads/files/492a106e806703007e846c60297956d5.pdf