Мамандығыңды AlmaU-мен бірге таңда!

Жаңалықтар

Сәуір 21, 2016

Мамандығыңды AlmaU-мен бірге таңда!

17 сәуірде Almaty Management University «Менің мамандығым»* атты II Қалалық жастар конференциясы өтті.

 

Биыл конференцияға  350 қатысушы және 17 спикер-практиктер жиналды, олардың ішінде  Chocofamily теңдей құрылтайшысы, Chocotravel компаниясының директоры  Николай Мазенцев; бағалаушылардың Республикалық Палатасы сараптамашылар кеңесінің төрағасы, э.ғ.к. Александр Калинин;  "UP develop" компаниясының иегері және негізін қалаушы Андрей Андреев; "The Caspian international restaurants company" (KFC, Hardees, Сosta, Pizza hut) компаниясының даму және пайдалану бойынша директоры Дмитрий Бородулин;  Rixos Almaty  отелі,  қонақүй нөмірлерін басқару және қонақтармен жұмыс істеу департаменті директоры Даулет Берниязов және т.б.  болды.

Конференцияның бағдарламасы өте мазмұнды дайындалған. Түрлі мамандықтар бойынша шеберлік мектептері (келешек заңгер болғысы келетін түлектер сот үдерісіне қатысты) ұйымдастырылды. Қонақтардың бәрі  электронды кәсіби бейінділікке  тесті өтті,  ғылымға қабілеті және мамандықтарға икемі, сонымен қатар дарындалығы анықталды, "МегаШанс - 2006" олимпиадасының жеңімпазы "Flow Kazakhstan" компаниясының директоры және негізін салушысы, әлемнің 52 елінде болған Дмитрий Дмитриев көшбасшылыққа тренинг өткізілді.

Бұл күні кез келген адам мамандықтар бойынша кеңес алып, жыл сайын ұйымдастырылатын "МегаШанс -2016 " олимпиадасына тіркелу жасай алады.

Конференцияға университет бойынша  сampus tour және презентация, фотосессию, таза ауада кофе-брейк,  AlmaU атынан лотереяға сыйлықтар берілді және дәстүрлі түрде тілектер шары әуеге ұшырылды.

Конференцияға қатысушылар кәсіби бейінділікке тесті өткені туралы сертификат алды. 

Бөліс: