Алматы Менеджмент Университеті Президентінің түлектермен кездесуі.

Жаңалықтар

Қазан 30, 2015

Алматы Менеджмент Университеті Президентінің түлектермен кездесуі.

24 қазанда  Дареджани  мейрамханасында   достық  жағдайда кешкі  ас өтті, онда  Алматы Менеджмент Университеті  Президенті  Қожахметов Асылбек Базарбайұлы   жоо-ны  әр жылдары  бітірген түлектермен кездесті. 

Университеттің  даму жолындағы оралымдарының  үш кезеңінен де түлектердің қатысуы символдық мәні бар маңызды нышан болды, олар:  Алматы Менеджмент Мектебі, Халықаралық Бизнес Академиясы  және  Алматы Менеджмент Университеті.

Верт Батыр – Алматы Менеджмент мектебінің  түлегі ,

Кубжасарова Мадина –ХБА 2005 жылғы  бакалавриат  түлегі,  «Экономика» ,

Вартаниан Гаяне – ХБА 2006 жылғы  түлегі,  «Экономика» ,

Терликбаев Амир – ХБА 2010  магистратура  түлегі ,  «Менеджмент» ,

Лямкина Анастасия – 2014 жылғы  бакалавриат  түлегі ,  AlmaU «Қаржы», -

Тап осы  түлектер  университет президентімен  кешкі ас  ішу мәртебесіне ие болған еді, себебі  олар  2015 жылы 20 маусымда  AlmaU  түлектері кездесуіне белсенді  қатысқандар болатын.

Ректормен  болған еркін сарындағы әңгіме барысында  түлектер өз жұмыстары жайында айтып, сүйікті оқытушыларын еске түсіріп,  оқып жүрген кездегі қызықты оқиғаларымен бөлісіп,  сонымен қатар Университетпен  қарым-қатынастарын нығайту бойынша өз ұсыныстарын  айтты, соның ішінде студенттерге  тәлімгерлік жөнінде, топтық және жеке шеберлік мектептері жайында  сөз болды.  Сонымен қатар түлектердің  Университетте  өткізілетін тренинг пен шеберлік мектептеріне қатысулары, Ассоциацияға мүшелік, түлектер үшін мотивация  жүйесі жайында  әңгіме қозғалды.  

Бұл кешкі ас  түлектердің  сүйікті оқу орнымен  жаңа бір жанасу жолын тауып,  Университет өміріне  түлектердің   белсендірек  араласуларына  мүмкіндік беретін, оларды ынталандыратын себеп болды.

Осы кездесуді  ұйымдастырушы  AlmaU –дың  мансапты жоспарлау орталығы  қатысушыларға ризашылықтарын білдіріп,  ағымдағы жылы барлық түлектерді   туған  білім ошағында көптеген қызықты сәттер күтетінін айтты.  Келіңіздер, біздің есігіміз сіздерге үнемі ашық!

Бөліс: