ҚР қоғамдық даму вице-министрі Омарбекова Жұлдыз AlmaU-да студенттермен кездесті
16 қазан күні AlmaU-да Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасының қоғамдық даму вице-министрі Омарбекова Жұлдыз Қажыкенқызымен кездесу өткізілді.
Кездесуді ашқан AlmaU ректоры Курганбаева Гүлмира Аманжолқызы Президенттің ең алдымен табыстың тұрақты өсуіне және өмір сүру сапасына байланысты қазақстандықтардың әл-ауқатына ерекше назар аударғандығын атап айтты. Білім беру, ғылым және денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығындардың ЖІӨ-нің 10% -ға дейін ұлғаюы елдің әлеуметтік дамуын анықтайтын негізгі бағыттарға қуатты серпін береді-деді.
Студенттер мен оқытушыларға арнаған сөзінде вице-министр Жұлдыз Омарбекова «Елбасы Жолдауының» негізгі аспектілері туралы әңгімелеп берді және ағымдағы Жолдау - барлық қазақстандықтарға қатысты нақты мәселелердің бағдарламасы-деді. Вице-министр сондай-ақ, студенттер мен оқытушылардың «Дамыған бәсекеге қабілетті мемлекет болуымыз үшін біз жоғары білімді ұлт болуға тиіспіз» деген идеясына назар аударды. Қазақстан алдында тұрған он негізгі міндеттің тізімін атап, сонымен қатар мемлекет басшысы қазақстандық қоғамның барлық салаларына - өнеркәсіпке, қаржыға, білімге заманауи технологияларды белсенді енгізуге айрықша назар аударуда-деп атап өтті.
Ол сондай-ақ, мұғалім мамандығының беделінің маңыздылығын: «Білім беру жүйесінің барлық деңгейлері қазіргі заманның талаптарына және экономиканың қажеттіліктеріне жауап беріп, қанағаттандыруға тиіс. Сонымен бірге мұғалім мамандығының беделін және педагог мәртебесін арттыру қажет»-деп, атап өтті.
Сөз сөйлеген спикерлер оқытушылар мен студенттердің алдында ел өмірінің барлық салаласы бойынша маңызды жаһандық міндеттер тұрғандығын және бірліктің негізі болулары керектігін айтты. Қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылық, ұлттың келісім мен бірлік - ел дамуының жаңа кезең міндеттерін ойдағыдай іске асырудың басты шарты екендігін айтты.