Маңызды ақпарат!
Төтенше жағдай кезінде AlmaU студенттеріне қолдау көрсету мақсатында және сауалнаманы ескере отырып, университет басшылығы келесі шешімдерді қабылдады:
1. Бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес көктемгі семестрдің басталу күні – 2022 жылдың 31 қаңтары.
2. 31 қаңтар мен 12 ақпан аралығында сабақ онлайн режимінде ұйымдастырылады.
3. 14 ақпаннан бастап бакалавриат бағдарламалары үшін толық офлайн форматқа көшу жоспарлануда (егер Алматы «сары» немесе «жасыл» аймақта болса)
4. Магистратура мен докторантурада оқу онлайн түрде жалғасады
Оқу барысының алғашқы екі аптасында онлайн сабақтардың барлығы жазылады және командаларда жалпыға қолжетімді болады.
Техникалық ақаулар туындаған жағдайда мұғалімдерге немесе эдвайзерлерге хабарлау қажет. Бұл мәселелерде барлығына қажетті қолдау көрсетіледі.
Біздің күшіміз – БІРЛІКТІКТЕ, өзара түсіністік пен елімізге түскен қиын кезеңде бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек
Өзіңізге, отбасыңызға және достарыңызға қамқорлық жасаңыз. Біз әрқашан сіздермен бірге екенімізді ұмытпаңыз.
Almaty Management University