«Менің мамандығым» атты V Республикалық жастар конференциясы
2019 жылдың 30 және 31 наурыз аралығында Almaty Management University-де көптен күткен көктем мезгілінің екі іс-шарасы өтті. Олар: «Менің мамандығым» атты V Республикалық жастар конференциясы және «МегаШанс» XV Республикалық олимпиадасы.
"Менің мамандығым" атты республикалық жастар конференциясы – бұл кез-келген талапкер немесе студент, сондай-ақ ата-ана мамандық туралы нақты ақпаратты қазақстандық және халықаралық компаниялардың танымал мамандарынан, нарықтағы кәсіби гуру мен "жұлдыздардан" тікелей алатын алаң болып табылады.
Жыл сайын іс шараға болашақ мамандығын дұрыс таңдағысы келетін жас талапкерлер жиналады. Биылғы жылы аталған конференцияға 600-ден астам қатысушы келді. Бұл айтулы шараға Қазақстанның 30 қаласынан студенттер, оқушылар және олардың ата-аналары, сондай-ақ Қырғызстан мен Тәжікстаннан қонақтар келіп қатысты.
20-дан астам белгілі сарапшылар мен ұйым басшылары қатысушыларға тренингтер мен шебер –сабақтар өткізді. Конференцияда мамандықтар бойынша 19 секция болды, оның ішінде 2 секция "көшбасшылық және мотивация" және 3 секция "кәсіпкерлік және еркіндік" тақырыбы бойынша жұмыс істеді.
Конференция қалай өтті?
Бағдарлама қатысушыларды тіркеумен басталды-әрбір қонаққа бэйдж, бағдарлама салынған университет пакеті және демеушілерден жеңілдік купондар берілді. Тіркеуден кейін қатысушылар AlmaU-дың көңілді де, әсерлі атмосферасына бөленді. Қонақтар фото алаңда естелікке суретке түсті. Сонымен қатар AlmaU таңбасымен бодиарт жасады, Dance Battle мен ойындарға қатысып, демеушілердің сыйлықтарына ие болды, университет бойынша самриѕ tour жасалып, университетке түсу туралы кеңес алды және арнайы қабырғада өз тілектерін жазып қалдыруға мүмкіндік алды.
Осындай көңілді сәттерден кейін студенттік әнұранмен AlmaU туы шығарылып, конференцияның салтанатты ашылу рәсімі өтті.
AlmaU ректоры Гүлмира Қорғанбаева келген талапкерлерге жылы лебізін білдірді. Іс-шараны маркетинг және коммуникация басқармасының директоры Карина Сычева жалғастырып, университет жайлы бейнебаян көрсетті.
Салтанатты ашылу рәсімінен кейін қатысушылар мамандықтар бойынша өздеріне керекті секцияларды және спикерлерді таңдап, шақырылған сарапшылардың тренингтері мен шебер-сабақтарына қатысты.
Спикерлер өз мамандықтары жайлы таныстыру өткізді:
«Менеджмент» - Мирус Курмашев, AIVA Манифесторы, "Атамекен" КҰП жанындағы IT-кеңестің төрағасы
«HR-менеджмент» - Юлия Ковалева, ADD-capital холдингінің HR-директоры
«Маркетинг» - Махмед Адильбек, Home Credit Bank-тің қоғаммен байланыс қызметінің басшысы, маркетолог, коммуникациялық стратег және PR-практик
«PR» - Олег Хе, журналист, «Iскер Медиа» баспасының редакторы ( «Бизнес & Власть» газеті, РБК журналы, www.and.kz сайты)
«Қаржы» - Айнура Джумадилова, «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ Инвестициялық банкинг департаментінің директоры
«Есеп және аудит» - Дарын Маукенов, LLP Sheberbuild құрылыс компаниясында қаржы сарапшысы
«Логистика» - Василий Липатов, LOCADEX логистикалық компания құрылтайшысы, операциялық директор
«Урбанистика және сити-менеджмент» - Арташес Григорьян, Kazakhstan Urban Forum ұйымдастыру комитетінің мүшесі
«Бизнес-аналитика және экономика» - Хазрет Омиров, Magnum Cash & Carry нарықты зерттеу бойынша маман
«Бизнес-аналитика және Big Data» - Рашид Дюсембаев, Centras Capital басқарма директоры
«Мемлекеттік және халықаралық саясат» - Леся Каратаева, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері
«Аймақтану» - Рустем Курмангужин, дипломат, дипломатиялық дәрежесі-I сыныпты кеңесші
«Құқықтану» - Рустам Ахметов, CNPC корпоративтік мәселелер жөніндегі менеджер
«Ақпараттық жүйе (IT)» - Тимур Бакибаев, CTO (chief technology officer), Data Science Academy ЖО құрастырушысы
«Software engineering» - Мирас Долаев, Edupreneur, RobotX және Data Sciecne Academy жобасының негізін қалаушы және директор
«Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» - Олег Литвинов, Monin Қазақстан амбассадоры
«Туризм және event-менеджмент» - Алима Балгабекова, "DoubleTree by Hilton Almaty" қонақ үйінің маркетинг және сату бөлімінің директоры
Секциялардың келесі блогы "Көшбасшылық және мотивация" тақырыбына арналды – өзін-өзі тану, өз қабілеттері мен таланттарын ашу, көшбасшының өмірлік ұстанымы қандай болатындығын білу:
"Көшбасшы болып қалыптасады ма әлде туылады ма?"- Асхат Абжанов, "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы
"Мамандықты қалай таңдауға болады және таңдау кезіндегі қадамдар!"- Дмитрий Дмитриев, Қазақстандағы Flow Group-тың тең құрылтайшысы
Шебер-сабақтарды тыңдаған соң, қатысушылар келесі секцияларды таңдар алдында күш жинау мақсатында түскі үзіліске шықты.
Түстен кейін әрбір қатысушы "Кәсіпкерлік және еркіндік" секциясында тәжірибелі сарапшы мамандардың бірін таңдап, кәсіпкерлік тұрғыда ойлау және әрекет еркіндігі деген не екенін, өз ісін ашу және start up-та қолдау табу туралы толық ақпарат алды:
"Бизнес-жобаны қалай құруға болады және ол арқылы қалай ақша табуға болады?!"- Аблай Юсупов, Upgrade SMM School мектебінің жетекшісі
"2000-нан астам бренд пен миллиондаған тауарлар бар fashion интернет-дүкенін қалай салу керек. Lamoda тарихы."- Мөлдір Рысалиева, Қазақстандағы lamoda интернет-дүкенінің бас директоры
"Біз Қазақстанда ірі интернет - холдингті қалай аштық, 100 млн теңгедей қарыз болып, қалайша жабылмадық?! Chocofamily тарихы"- Нүркен Рзалиев, CEO Rahmet App, partner at ChocoFamily.
Конференцияның жабылу салтанатында AlmaU ұсынған мерекелік сыйлықтар мен демеушілердің жүлделері қатысушыларды қуантты. Барлық қонақ кәсіби бағдардан өткендігі туралы сертификат алды.
Біздің университеттің әлеуметтік желілердегі пікірлеріне қарағанда, көптеген жаңа достары пайда болғанына қуаныштымыз және осы демалыс күндерін AlmaU-мен бірге өткізгендерге шын жүректен алғыс білдіреміз!
V Республикалық "Менің мамандығым" конференциясына қолдау көрсеткен компаниялар: Rahmet App, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, Lamoda, harde' s интернет-дүкені, Data Science Academy, LLP Sheberbuild, MONIN, Bosstan Gym, Alau Hospitality, "Казкоммерцбанктің" Алматы филиалы, BurgerKing, CNPC, Flow Kazakhstan, Tassay, Choco Family Holding, Home Credit Bank Kazakhstan, Geek partners, Magnum Cash & Carry, "Жаңа Ұрпақ" республикалық Көшбасшылық мектебі, upgrade SMM School, Locadex логистикалық компаниясы, "іскер медиа" баспасы, AO "Сентрас Капитал" ЖШС, Bilim Media Group, жастар мүмкіндіктері порталы "Neupusti.net", The Village Қазақстан.