CEEMAN конференциясы аясында AlmaU әлемдік бизнес жоолармен меморандумдарға қол қойды

Жаңалықтар

Қазан 12, 2015

CEEMAN конференциясы аясында AlmaU әлемдік бизнес жоолармен меморандумдарға қол қойды

2015 жылдың 23-26 қыркүйегінде  Алматыда  "Оқшаулану Жаһандану көшбасшылығына қарсы, серпінді дамып жатқан қоғамда менеджментті Дамыту" тақырыбына  CEEMAN*-ның   23-ші жылсайынғы конференциясы өтті .  Орталық Азияда тұңғыш рет өтіп отырған конференцияны ұйымдастырушы  - Алматы Менеджмент Университеті  (AlmaU, бұрынғы ХБА, Алматы).

 

25 қыркүйекте форум барысында AlmaU және үш әлемдік бизнес-мектептер арасында  ынтымақтастық туралы  Меморандумға ресми түрде қол қойылды. Қазақстандық  бизнес- жоғарғы оқу орындары  атынан  Меморандумға AlmaU ректоры Асылбек Қожахметов және Жоғары мектеп деканы  Гүлнар Куренкеева  қол қойды, шетелдік оқу орындары жағынан  ISEMI кәсіпкерлік колледжі директоры  Лиора Катценштейн (Израиль); Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет  Академиясының вице-ректоры  Сергей Мясоедов;  Шанхай Университеті  жанындағы экономика және менеджмент колледжі  деканы  Лин Чжоу (Қытай) қол қойды.

ISEMI бизнес-мектебі  1996 жылы халықаралық ғалымдар және кәсіпкерлер тобымен құрылған болатын, оның мақсаты Израилде және бүкіл әлемде кәсіпкерлікке үйрету және менеджментті дамыту бойынша   практикалық бағдарламалар дайындау. ISEMI Еуропада, Азияда, Солтүстік және Оңтүстік Америкада белсенді.  2012 жылы Еуропада бизнес-тренерлерді оқытуға арналған Еуропа консорциумының тендерін ұтып алды.

Antai College of Economics and Management (ACEM) – бұл  «үш тәжді» кию мәртебесіне ие болған қытайдың тұңғыш әрі жалғыз бизнес-мектебі (ACEM   үш  EQUIS, AMBA, AACSB  аккредитацияларын алған). Колледждің тарихы  1903 жылдан басталады,  Цин әулетінің көлік министрі  Сюань Хуа мырза қоғамдық университет жанынан Наньян бизнес-мектебін ашудан басталған. Өзгерістер мен реформалардың  жүз жылдығынан кейін  АСЕМ  Қытайдың бизнес-мектептері рейтингісі бойынша топ орындарға ие болады әрі Азияның топ жоғарғы оқу орындары қатарына кіруге ұмтылады.

РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Академиясы  (РХШМҚА) өз тарихын 1977 жылдан бастайды. ХША  құрылғаннан бастап  «министрлер шеберханасы» деп берілген атақ   берік  нығайып алған. ХХ  ғасырдың 90 жылдары Ресейдегі экономикалық өзгерістер басталысымен Академияның стратегиялық моделін ауыстыру басталды: ол  номенклатуралық мамандар дайындаудан бас тартып,  бизнес білім беруге көшті,  ол осылай басқару саласына қажетті мамандар дайындауға арналған білім берудің барлық түрін ұсынған оқу орнына айналды. 1991 жылы құрылған РМҚА мемлекеттік және муниципалдық қызмет жүйесі үшін басқарушыларды дайындайтын жетекші оқу орны бағытын алған.

AlmaU Қазақстандағы №1 бизнес жоғарғы оқу орнымен  әлемдік жетекші бизнес-мектептері арасында  меморандумға қол қою ынтымақтастыққа қатысушы  ұйымдардың дамуына пайдалы әсер етіп қана қоймай, жалпы Қазақстандағы бизнес білім беру сапасына да ықпал етеді.  Меморандумдарға сәйкес, атап айтқанда, төмендегідей салалар бойынша ынтымақтастық мүмкіндігі қарастырылады:     

  • Бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша студенттермен алмасу;
  • Бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша сабақ беру үшін   профессорлық-оқытушылық құраммен алмасу;
  • Бірлескен іс-шаралар дайындау үшін, бірлескен зерттеулер жүргізу  және жобалармен жұмыс істеу үшін  профессорлық-оқытушылық құраммен алмасу;
  • Бакалавриатта, магистратурада, докторантурада  қос диплом бағдарламасын және бірлескен бағдарламалар құру;
  • Магистранттар мен  докторанттарға жетекшілік жасауға мүмкіндік беру;
  • Бакалавриат, магистратура және  докторантура студенттері үшін қысқа мерзімді модульдер бойынша оқу турларын құру;
  • Басшылар үшін білім беру саласы бойынша  академиялық байланыстарды орнату;
  • Ынтымақтастықты әрі қарай дамыту үшін серіктес жоғарғы оқу орнына қажетті материалдарды пайдалануға беру;
  • Академиялық бағдарламалар бойынша  материалдармен, ақпараттармен бөлісу, сонымен қатар кітапханалар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

*CEEMAN – Менеджментті дамытудың халықаралық ұйымы, Словения.

Бөліс: