Мұғалім күнінде оқытушы қатарына қабылданды!
2015 жылдың 3 қазанында Aлматы Менеджмент Университетінде жоо-ның оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған жылсайынғы корпоративтік-отбасылық мереке - ОПҚ-Party ALMA University ұйымдастырылды. Биылғы мерекелеу түрі кішкене өзгертілді. Бұл салтанатты іс-шара 4 қазанға сай келетін Мұғалімдер күні қарсаңында ұйымдастырылды, сонымен қатар ППС-Party алғашқы рет жоғарғы оқу орнының кампусы аймағында өтті.
Мақсаты жаңа оқытушылар мен қызметкерлерді Университеттің басшылығымен таныстыру болатын «Рarty» түріндегі кеш жақында ғана жұмысқа қабылданған қызметкерлердің ұжымға сіңісуін жеңілдетіп, тездететін әдіс болып отыр, ол Aлматы Менеджмент Университетінде төртінші рет ұйымдастырылып жатыр.
Биылғы ОПҚ-party -ға 23 жаңа қызметкер қатысты және олар салтанатты түрде жоо оқытушысы қатарына қабылданды! Ең белсенді және шығармашылық көзқарастағы қатысушыларға демеушілерден сыйлықтар берілді, яғни «День и ночь» сұлулық салонынан , ер адамдарға арналған сұлулық салоны «Восточный экспрестен» сертификаттар тапсырылды. Сонымен қатар әр команда сыйлық алды, оларға жемістер, шарап, кәмпиттер салынған себеттер берілді. 20 оқытушыға түрлі номинацияларда жеңіске жеткендері үшін сыйлықтар берілді, мәселен, «Мистер элегантность», «Мисс улыбка», «Лучший голос AlmaU» деген сияқты және басқа да.
Кешке қатысушылар тек белсенділік қана көрсетіп қойған жоқ, олар сондай бастамашыл болды, барлық тапсырмалар мен байқауларды қызыға орындады. Мерекенің басты мақсаты - «жаңадан келгендерді» «тіс қаққандармен» таныстыру- 100 пайызға орындалды.