АlmaU-да CEEMAN-ның 31-ші конференциясы өтті

Жаңалықтар

Қыркүйек 29, 2023

АlmaU-да CEEMAN-ның 31-ші конференциясы өтті

2023 жылдың 20-22 қыркүйек күндері Алатаудың етегіндегі Алматы Менеджмент университетінің қабырғасында CEEMAN-ның 31-ші конференциясы өтті.

Үш күн бойы 25 елден жиналған 120 қатысушы яки білім саласының білгірлері,  халықаралық ұйымдар мен бизнестің өкілдері көшбасшылық, тұрақты даму тақырыбы бойынша ой бөлісті.

AlmaU-дың негізін қалаушы әрі президенті Асылбек Қожахметов аталмыш конференцияның маңыздылығын «Тұрақты даму адам үшін маңызды. Мемлекет, кәсіп үшін де. Әлбетте, университтер де үшін де маңызды. Сондықтан бұл конференцияның тақырыбы бизнес-білім мен кәсіп үшін пайдалы» деп түсіндірді.

Конференцияның шымылдығын университет ректоры Гүлнар Күренкеева ашты. Сахнаға рок-әнші Әсем Көпбаева мен «Тенгри» тобы шығып, таң қалдырып, рухты көтерді. CEEMAN-ның президенті, профессор Даница Пургтың, университет президенті Асылбек Базарбайұлының, Еркін Тәтішевтың ресми ашылуда болуы конференция маңыздылығын айқындай түсті.

Конференцияның екінші бөлігінде оқытушылар мен зерттеушілерге арналған стенд сессиясы ұйымдастырылды. Венгриядан келген Zoltan Buzady модераторлық етті. Lisa Fröhlich жетекшілігімен сосын IQA сессия өтті. Оның барысында Edyta Lachowicz-SantosАйгерим Кауменова и Ирина Сенникова аккредитация жайлы пайдалы мағлұматтарды бөлісті.

 

CEEMAN қандай ұйым?

CEEMAN – бұл динамикалық қоғамдардағы менеджментті дамытудың халықаралық ұйымы. Олар бүкіл әлем бойынша 200-ден астам компанияны, университеттерді біріктіреді. Басқарушылық білім беру, бизнес-мектептер мен ЖОО-лар үшін өз принциптерін, стратегияларын тренд пен талапқа сай дұрыс құра алатындай мүмкіндіктер жасауға дайын ұйым. CEEMAN сондай-ақ аккредиттеу агенттігі болып табылады.

 

Тұрақты даму деген не?

2015 жылы БҰҰ саммитінде тұрақты дамудың 17 мақсаты айқындалды. Жалпы, тұрақты даму түсінігі 1983 жылы бекітілген. Оған сәйкес тұрақты даму дегеніміз – адамның бүгінгі сұраныстарын қанағаттандыра отырып келешек ұрпақ үшін қоршаған орта мен ресурстарды сақтау. Үш түрлі құрамдас бөліктің тепе-теңдігі сақталса, тұрақты даму болмақ. Ол – экономикалық өсу, әлеуметтік жауапкершілік және экономикалық баланс.  

 

Тұрақты дамуда ЖОО-ның атқаратын рөлі қандай?

AlmaU-дың жаһандық әріптестік бойынша проректоры Айгерім Кауменова CEEMAN-ның 31 конференциясы Қазақстанда өткізілу себебін былай түсіндірді: «Геосаяси өзгерістер әсерінен Орталық Азия әлемдегі маңызды аймаққа айналды. Аталмыш конференция арқылы біз мықты эксперттерді, білім саласының, үкіметтік, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіптердің өкілдерін жинап өңірімізге деген қызығушылықты арттырып жатырмыз. Әрине, ең бастысы біз үшін әлеуметтің, кәсіби ортаның тұрақты даму тақырыбына қызығушылығының артқаны. Біз білім саласының өкілі ретінде тұрақты даму мәселесін насихаттауымыз қажет. Өскелең ұрпақ бұған назар аударып қам жеуі үшін атсалысқанымыз абзал. AlmaU студенттерге білім беру барысында тұрақты даму мақсаттары жайлы, олардың құндылығы туралы айтамыз».

Киев қаласының халықаралық институтының бизнес-мектебі президенті Ирина Тихомированың ойынша тұрақты дамуды насихаттауда білім ордаларының рөлі орасан зор: «Білім әрдайым болашақ жайлы. Біз қазір олар болашақта іске асыратынды үйретеміз. Жаңа технология мен білімді жарыққа шығару үшін білім береміз. Сондықтан да тұрақты даму дегенде planet (ғалам), people (адамзат), profit (пайда) жайлы айтамыз. Ғалам дегеніміз тек экология емес, бұл біздің әсеріміз.

Чанчжоу университетінің құрметті профессоры, Қытайдың жауапкершілігі бар басқару білімі мен тұрақты даму институтының канцлерінің біреуі  Haifeng Huang: «Білім балаларды, болашақты өзгертіп, оларға мол мүмкіндік сыйлай алады. «Басқа төлеу» пәлсапасына сәйкес адамдарға кішігірім жақсылық жасай отырып, үлкен өзгерістерге себеп болуға болады» деп атап өтті.

AlmaU-дың аға оқытушысы Aurora Diaz-Saloaga-ның пікірінше, егер адамның ақыл-ойы тұрақты болса, ол тұрақты дамудың мақсаттарында жоқ дүниелерге де назар аударады. Ал ондай сананың қалыптасуына біздіңше адамның айналасы, соның ішінде білім беріп жатқан ЖОО-сы әсер етуге қауқарлы.

AlmaU-дың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, KUSTO Group-тың Директор кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев «Бұл бизнес-мектептердің уақыты. Сосын өзіне челлендж ойлап табатын уақыт» деп әдемі айтып кетті. Оның ойын Arizona State University-дың президенті Michael Crow мына сөздерімен қоштады: «Бәріміздің мақсатымыз бір. Бұл дегеніміз – болашақта үлкен потенциалға ие болатындай университтер мен колледждер сияқты интеллектуалды ұйымдарды құру».

 

Тұрақты дамудың кәсіпте алар орны қандай?

International Data Corporation-ның (IDC)  вице-президенті, AlmaU-дың Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Андрей Беклемишевтың айтуынша, кәсіпорындар тұрақты кәсіпорын түсінігі табыспен ғана шектелмейді. Бұл ойды басқа да сарапшылар қолдады. Team University-дың бас директоры Абдурасул Юсупов тұрақты даму жайлы әңгіме қозғағанда басшылыққа алатын индикаторлар жоқ екенін тілге тиек етті. Сол себепті қайда кетіп бара жатқанымыз түсініксіз деді. Жалпы, компаниялар жауапкершілікті сезінсе дейміз деді. Ал БҰҰ жаһандық келісімшартының өңірлік өкілі Динара Сейтжапарова тұрақты даму мақсаттары адамзат тарихындағы ең үлкен бизнес мүмкіндік деген қорытындыға келді.  Xiaobo Wu болса, өсіп келе жатқан экономикаға дәстүрлі бизнес-білімдегі өзгерістерді көре білу маңыздылығына тоқталды. Эксперттің ойынша, кәсіпкерлік пен инклюзивтілік – CEEMAN және Орталық Азия үшін кілт сөздер. «Тұрақты» деген сөзді қолдану сәнге айналып бара жатыр. Студенттер мұның олардың болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін түсіне ме екен? Себебі болашақ жайлы айтқанда соларға зейін қоямыз. Олар – болашағымыз. Ал табысты бизнеске келер болсақ, табысты бизнес жауапкершілігі мол бизнес болуы шартты. Өйткені табысты бизнес жауапкершілікті басшылыққа алған менеджментсіз – нағыз утопия» дейді БҰҰ-ның жаһандық коммуникация басқармасының өкілі және БҰҰ-ның Қазақстандағы ақпараттық кеңсесінің басшысы  Vlastimil Samek.

Конференцияның екінші күнінде RISEBA  университетінің бизнес және экономика факультетінің деканы және CEEMAN-ның вице-президенті Ирина Сенникова «Заманауи менежджмент мектептері үшін мекемелердің сұраныстары не білдіреді» деген тақырыпта World Café сессиясын өткізді. Барша қатысушы бұған белсенді қатысып, топқа бөлініп, ойларын тұщымды дәлелдеп ұсыныстарын ортаға салды.

Кеш соңы CEEMAN-ның жылды қорытындылайтын жиналысқа және марапаттау рәсіміне ұласты.

Өз кезегімізде конференцияның спонсоры атанған Platonus, Coca-Cola, ETS Global, Beam, Sunpaper, Partner's Mountain Water Co,  ABC Universe, Arba Wine, Unlocking Eve, RIKO, Efes, Ef компанияларына ризашылық білдіреміз!

Бөліс: