AlmaU-да "Қызмет көрсету мәдениеті гуруы" Джон Шоулдың тегін шеберлік сабағы өтті
2018 жылдың 7 желтоқсанында AlmaU-да Джон Шоулдың тегін шеберлік сабағы өтті. Time және Entrepreneur журналдарының мәліметтеріне қарағанда, ол-бизнесті дамыту мен сату бойынша дүниежүзіне танылған сарапшы,"Қызмет көрсету мәдениеті гуруы" көптеген туындылардың авторы, сервистік стратегияны енгізу жөніндегі кеңесші, Service Quality Institute (АҚШ) президенті. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің, АҚ ҰК «Kazakh Invest” және Технодом компаниясының қолдауымен өтті.
Сапалы қызмет көрсету дегенімізді қалай түсінесіз?-деген сұраққа Джон Шоулдың айтқан жауабы: «Қызмет көрсету - маркетинг сияқты қуатты және жоғары сапалы өнім сияқты тиімді стратегия».
Джон Шоул SERVICE QUALITY INSTITUTE (АҚШ) президенті және оның негізін қалаушы. Сонымен қатар ол –жоғары дәрежеде қызмет көрсету гуруы болып саналады және әлемдік ірі компаниялардың кеңесшісі, атап айтқанда: Amazon, DHL, Coca Cola, Dell Computers, Wal-Mart, Metro bank, Commerce-bank, General Electric, 3M, Miller Brewing, Kodak, FedEx, Disney, Nordstrom. Қызмет көрсету саласындағы Ресейлік компаниялар оның қызметіне жүгінеді. Әлемнің 40 елінде Service Quality Institute бағдарламасы бойынша екі миллионнан астам адам білім алған.
Шеберлік сабақ кезінде Джон команданы қалай басқаруды және клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсетуді, жаңадан тұтынушыларды шақыру үшін технологияларды пайдалануды айтты және қазіргі уақытта дүниежүзілік көшбасшы компанияларда тұрақты және жаңа клиенттер легінің неліктен көп болатынын түсіндірді.
Өз сөзінде Джон Шоул маркетингтің ең тиімді құралы – "Сарафандық радио"туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, сапалы қызмет пен сарафан радиосы арасында мықты байланыс бар. Егер компания тұтынушыға жақсы қызмет көрсетсе және ол компанияға риза болса, тұтынушы сізді өзінің достары мен таныстарына міндетті түрде айтып ұсынады, бұл жаңа тұтынушыларды тартудың тамаша тәсілі болып табылады.
Джон Metro bank-тің тамаша кейсі жайлы айтып берді, банктегі қызмет көрсету ерекше деп атап өтті. «Метро банкте» тұтынушыға "жоқ" деп айту үшін кем дегенде екі басшыдан рұқсат алу керек. Әдетте басқа банктерде керісінше тұтынушыға "иә" деп жауап беру үшін басшыдан рұқсат сұрайды – деді Джон Шоул.
Сондай-ақ, Джон Шоул белгілі Apple компаниясын және осы компания қызметкерлерінің өз тұтынушыларына қалай қамқорлық жасайтынын атап өтті. Джон жоғары деңгейдегі қызмет Apple компаниясының негізгі қаруы екенін айтты. Apple Store дүкендерінің барлығында қызметкерлер әр тұтынушыға атын айтып хабарласады және толықтай кеңес береді, бұл компанияның жоғары да сапалы қызмет көрсетуінің басты әдісі болып табылады, сондай-ақ өз тауарларын орауға үлкен мән береді.
Тұтынушының талабын ескеру тікелей компанияның қызметіне байланысты. Шын мәнінде сапалы қызмет көрсету сіздің тұтынушылардың жағдайын ойлап, қамқорлық жасайтыныңызды көрсетеді. Сөзінің соңында Джон өзін-өзі ынталандыруға арналған шағын жаттығу өткізді. Джон Шоул өз сөзін қызмет көрсету, кәсіпкерлік және мотивация туралы сұрақтарға жауап берумен аяқтады.