AlmaU-да қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті
Бүгінгі таңда Алматы Менеджмент Университетінде 250 қызметкер жұмыс істейді. Жыл сайын Университет топ-менеджменті ең үздік жұмыс істеген қызметкерлерді марапаттайды. Биылғы жылы бұл рәсім 30 желтоқсан күні өтті.
Салтанатты іс-шара AlmaU ректоры-Курганбаева Гүлмира Аманжолқызының құттықтау сөзімен басталды. Ол университеттің дамуына қосқан үлесі үшін қызметкерлердің әрқайсысына алғысын білдірді.
Сонымен қатар, қызметкерлер ҚР Білім және ғылым Министрлігінің, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің, № 2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының, ҚР ЖОО Ассоциациясының және кәсіпкерлер палатасының Алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Бізде қызметкерлерді құттықтаймыз және осы алғыс білдіруге қосыламыз. Биік белестерге жетуді тілейміз!