AlmaU-да Қазақстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері жайлы талқыланған дөңгелек үстел өтті

Жаңалықтар

Желтоқсан 20, 2019

AlmaU-да Қазақстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері жайлы талқыланған дөңгелек үстел өтті

19 желтоқсанда Алматы Менеджмент Университетінде "Қазақстандағы әйел күші альянсы" ЗТБ Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен "Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері: өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, "Қазақстан әйелдер күштері альянсы" ЗТБ, Алматы қаласы әкімінің әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының мүшелері, сараптамалық қауымдастықтың өкілдері, AlmaU оқытушылары мен студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелде Қазақстандағы әйелдердің жағдайы туралы әлеуметтік зерттеу нәтижелері ұсынылды. Бұл зерттеуге Алматы қаласы мен қала тұрғындары қатысқан еді. Әлеуметтанушылар  жұмыс істейтін 1000 адамның арасында сұрақ-жауап өткізген. Олардың қатарында:өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыз әйелдер мен кәсіпкерлер бар. Сондай-ақ, денсаулық жағдайы, олардың балаларының денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы (жалғыз басты, көп балалы), жасы, күтпеген зілзалалар салдарынан жапа шеккендер (өрт, су тасқыны және т.б.) әйелдердің әлеуметтік әлсіз топтары да қатысты.

Ұсынылған әлеуметтік зерттеудің тұсаукесерінде ҮЕҰ басшылары, депутаттар, көшбасшылар және түрлі ұйымдардың басшылары арасында өткізілген сараптамалық сауалнаманың нәтижелерін де көрсетті. Зерттеуге әр түрлі әлеуметтік мәртебесі бар адамдар мен жас ерекшелігі әртүрлі жандар да қатысты.

Аталған зерттеу мынандай  бағыттарға арналды:

  • қызметтің барлық салаларында әйелдердің құқықтарын сақтау туралы мәселелерді анықтау;
  • әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін және әйелдерді жұмыспен қамту саласында кездесетін мәселелерді анықтау;
  • саясат пен экономикада шешімдер қабылдау кезінде әйелдердің қатысуын қадағалау;
  • әйелдер мен балаларға қатысты әйелдерді кемсітуді және зорлық-зомбылық жағдайларының (барлық түрдегі) себептерін талдау;
  • әйелдердің ұрпақ әкелуде денсаулығының нашарлау себептерін және денсаулықтарын  сақтау тәсілдерін анықтау;
  • әлжуаз санаттағы әйелдердің ең өткір әлеуметтік мәселелерін талқылау;
  • әйелдер үшін сапалы білімді  қолжетімді болдыру;
  • әйелдердің жағдайы бойынша сараптамалық қоғамдастықтың пікірін тыңдау;
  • қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйелдер мәртебесі бойынша еркек пікірін талқылау;
  • әйелдердің әлеуметтік жағдайын және олардың Қазақстандағы мәртебесін арттыру жолдарын анықтау. 

Әлеуметтік зерттеу барысында әйелдердің саяси белсенділігі, әйелдердің шешім қабылдаудағы ұсыныстары, жұмыспен қамтылуы және мансаптық өсуі, экономикалық өнімділігі, әйелдер мен балаларға қатысты кемсітушілік, жастардың репродуктивті денсаулығы мен адамгершілік тәрбиесін сақтау сияқты салалардағы жағдайы  анықталады.

Айта кетерлік жағдай, AlmaU өзінің үшінші миссиясын дайындады. Ол әлеуметтік бағытта, қоғамға қызмет ету, аймақтарды, қалаларды, қауымдастықтарды дамытуға үлес қосу, студенттерде азаматтық белсенділік пен жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады. Мысалы, "Болашақ мектебі" атты күзгі мектеп алаңында Қазақстанда инклюзивтілік тақырыбы кеңінен талқыланды. Осыған байланысты, біз сарапшы Ләззат Қалтаеваның пікірін білуге тырыстық.

Қалтаева Ляззат Молдабекқызы - "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы" ҚБ төрайымы, "Қазақстанның әйелдер күші Альянсы" ЗТБ мүшесі: "Мүгедектігі бар әйелдердің мәселесіне қатысты айтар болсақ, олардың мәселелерін айтып қана қою жеткіліксіз болады. Шын мәнінде, қыздар, мүгедектігі бар әйелдер шын мәнінде көптеген кемсітушілікке ұшырайды және халық алдындағы аса осал, әлсіз топ болып табылады. Өкінішке орай, еш жерде, қазақстан Республикасының ешбір заңында, Қазақстан республикасында бұл айтылмайды. Мүгедектігі бар әйелдер тіпті үлкен зорлық-зомбылыққа ұшырайды: тұрмыстық тұрғыдан, жасырын түрде (олар зорлық-зомбылық фактілері туралы хабарлай алмайды). Мұндай әйелдер тіпті ұсақ күнделікті психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Көптеген адамдар бұл отбасына әкелетін залал үшін өтемақы (кінә сезімі) болуы керек деп санайды. Сондай-ақ, менталдық бұзылыстары бар қыздар жағдайларын қарастыру керек. Көптеген адамдар не істеу керектігін түсінбейді, оларға зорлық-зомбылық жасағанын түсінбейді. Олар белгілі бір жүйе пайда болғанша бұл туралы хабарлай алмайды. Тренингтер жоқ, материалдар жоқ, қажетті ақпарат жоқ. Әлеуметтік өмірде де, экономикалық өмірде де шешімдер қабылдауда әйелдердің дербес болуын  қалаймын".

Кездесу қорытындысы бойынша, сарапшылар мен дөңгелек үстелге қатысушылар әйелдердің өмір сүру сапасын жақсарту, экономикалық қолдау және олардың Қазақстанда  жұмыспен қамтылуын ынталандыру бойынша іс жүзінде ұсыныстарды  әзірлеуге кірісті.

Талқылау барысында Алматы Менеджмент Университеттің әйелдерге арналған арнайы қоғамдық қабылдау ашылатыны шешілді, онда заңгерлер, психологтар, құқық қорғаушылар және басқа да мамандар кеңес береді. Университет басшылығы осындай жобаларды қолдайды және жаңа ынтымақтастықта жұмыс істеу үшін әрдайым ашық.


"Қазақстан әйелдер күшінің альянсы" ЗТБ AlmaU-ға қолдау көрсеткені үшін және ортақ сұхбат жасап, мәселені шешуге арналған алаң бергені  үшін  алғысын білдіреді. Осы Альянстың мүшесі болып табылатын университет ректоры Курганбаева Гүлмира Аманжолқызына жеке алғысымыз шексіз.

Бөліс: