AlmaU Түркияда зардап шеккендер үшін жылу жинай бастады
6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,8 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала салдарынан 10 қаланың тұрғындарына қауіп төніп, 2 800-ден аса ғимарат қирады. Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны күн сайын артып келеді, әлі де құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Апат айтып келмейді. Сол себепті Түркия халқына қазір біздің қолдауымыз қажет. Зілзала салдарынан зардап шеккендерге қол ұшын созам десеңіз, төменде көрсетілген қажет заттарды AlmaU-ге алып келсеңіз болады.
- шатырлар
- генераторлар
- жылытқыштар
- көрпелер
- көрпе қап
- гигиеналық заттар
- балаларға арналған қыстық киім-кешек
- жөргектер
Қабылдау уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Көрпе-төсек, гигиеналық заттар жаңа әрі таза болуы керек.