AlmaU – да қазақстандық білім берудің жақын арадағы 4 жыл ішінде дамуын талқылады

Жаңалықтар

Қаңтар 28, 2016

AlmaU – да қазақстандық білім берудің жақын арадағы 4 жыл ішінде дамуын талқылады

2016 жылдың 28 қаңтарында Алматы Менеджмент Университетінде (бұрынғы ХБА) қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары және мемлекеттік органдардың өкілдері  2020 жылға дейін отандық білім беруді дамыту  жолдарын талқылады.

Кездесудің тақырыбы  «2016-2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы».

ҚР БҒМ  ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаментінің директоры  Серік Өмірбаев өз сөзінде Жоғары білім беру мен  ЖОО-дан кейінгі білім берудің мақсаты – білім, ғылым  және инновацияларды интеграциялау арқылы отандық экономиканы  жоғары және  жоғары оқу орындарынан кейін білімі бар  бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ету. ҚР БҒМ  алдында тұрған негізгі міндеттерге  мамандарды дайындау сапасын арттыруды; әлемдік үрдіске сай жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мазмұнын өзгерту; ғылыми зерттеулер мен технологиялар нәтижелерін коммерциализация жасауға жағдай тудыру; жоғары оқу орындарында білім алушыларды «Мәңгілік Ел» ұлттық патриоттық идеясы арқылы  рухани адамгершілік құндылықтарын нығайтуға тарту жатады.  

Сонымен қатар С. Өмірбаев бір жылдан кейін жекеменшік жоғары оқу орындарында өз үлгісімен дайындалған дипломдар шығарылады: « 2017 жылдан бастап жоо-ларды мемлекеттік аттестаттау деген ұғым жойылады, оның орнына халықаралық аккредитация келеді. Аккредитация  ерікті түрде  жасалатын болғандықтан жекеменшік  жоо-лар өту өтпеуді өздері белгілейді. Егер оны өтпейтін болса, оқу орнын бітірушілер жоғары оқу орнының  үлгісімен шығарылған дипломды алады». Бұл норма білім беру туралы заңнамада соңғы өзгертулер кезінде қосылған.

Шенеуніктің айтуы бойынша бұл норма таңдау құралына айналады: қазір мемлекеттік үлгідегі дипломдарды беріп жүрген  нашар жоо-лар тіршілігін тоқтатады. Сонымен қатар 2017 жылы халықаралық аккредитациядан өтпеген  жоғары оқу орындарына мемлекеттік  тапсырыс  берілмейді.

Алматы Менеджмент Университеті ректоры  Асылбек Қожахметов өз кезегінде қазір  ҚР БҒМ    мемлекеттік жоғары оқу орындарының бір мезетте иегері әрі реттеушісі болып отыр, бірақ осында   қарама-қайшылық болып тұр.  Спикер жоо-ларды басқару мен олардың даму жауапкершілігіне  құқықты жергілікті атқарушы органдарға беру туралы  ұсыныс айтты. Сонымен қатар  AlmaU ректоры жоғары оқу орындарында  корпоративті басқарудың  атаулы емес нақты түрін енгізу керек екенін атап өтті.

А. Қожахметовтің  білім беру рейтингі бойынша айтқан 17   ұсынысының бірі   (оның ішінде – білім беру рейтингісі, аккредитациялар,кәсіпкерлік университеттері, білім беру бағдарламалары  стандарттарын өзгерту ) – білім беру нарығында  бәсекелік ортаны тудыру. Сарапшының пікірі бойынша тек осындай жағдайда ғана Қазақстанда білімнің сапасы артады. AlmaU ректоры ұсынып отырған бәсекеге қабілетті жоо-лар моделі мынадай үлгіде болып тұр: барлық  жоо-ны 3 топқа бөлу керек, бірінші топта халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті 10-15 жоо. Оларға  автономия беріліп, әлемдік рейтингтің топ-парақшаларына ену үшін   мақсатты қаржылық қолдау көрсетіле. 2-ші топқа  ұлттық нарықта бәсекеге қабілетті  20 жоо  енеді. Оларға да автономия беріліп, бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін  жекелеген бағыттарға  байланысты қаржылық қолдау көрсетіледі. Үшінші топты автономия берілмейтін қалған басқа жоо-лар құрайды. Жыл сайын  қорытынды жасалып,  жақсы ілгерілеу көрсеткен жоо-лар жоғары бір деңгейге көтеріледі, ал артта қалған оқу орындары төменгі топқа кетеді. «Бұл жағдайда қолдау мен автономия алғысы келген жоғары оқу орындары шынайы жағдайда бәсекеге түсіп, жарыса бастайды.  Мықты жоғары оқу орындарының автономиясын кеңінен дамытпай қазақстандық және халықаралық деңгейде сапа мен бәсекеге қабілеттілік туралы айтудың қажеті де жоқ», - дейді  А. Қожахметов.

Жаңа Экономикалық Университеттің ректоры  Кшиштоф Рыбиньски өз сөзінде бағдарлама  күшті нормативті- құқықтық базаны құрап, жоғары деңгейде сапалы білім беретін мекеме ретінде халықаралық  мойындауды қамтамасыз ететін   Қазақстанның университеттері үшін стимул болып табылады. Дегенмен, спикердің пікірі бойынша бағдарламаны күшейту керек: жүзеге асырылуын тездету қажет, икемділікті дамытып, нарық ықпалын ескеру керек.

Бағдарламаны жүзеге асыруды тездету үшін  ғылыми жобалар арқылы докторантурада  мамандарды дайындаудың қаржылық механизмін жасап, жоо-лардың автономдық  қызмет қағидасын дайындалады. Университеттерге ҚР БҒМ талаптарына «жантақтамай» жұмыс берушілермен келісімдер негізінде өз білім беру бағдарламаларын дайындап,  жоғары оқу орындарында кредитті технологияның икемді жүйесін ендіруге болады деп санайды ЖЭУ ректоры.

Бөліс: