AlmaU-да әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері талқыланды
2016 жылдың 24 мамырында Aлматы Менеджмент Университетінде (бұрынғы ХБА) "Бизнес және қоғам: қазіргі заманғы даму басымдықтары" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында AlmaU әлеуметтік кәсіпкерлік зертханасы " атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты әлеуметтік кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау мен реттеу шараларын талқылау болды.
Іс-шараға Германия мен Ресейдің халықаралық сарапшылары, ғалымдар, докторанттар, Ресей және Қазақстанның студенттері, Алматы қаласы әкімдігінің және әлеуметтік кәсіпкерлер өкілдері қатысты. Кездесуде, сондай-ақ, ОАЕҚ өкілдері (Орталық Азияның Еуразия Қоры) және балаларға арналған "Навстречу переменам" әлеуметтік бастамаларды қолдау Қорының өкілдері болды.
Әлеуметтік кәсіпкерлер түрлі салалар бойынша кейстер ұсынды (ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, психологиялық көмек көрсету, спорт, оқу-ағарту, сауықтыру) және маңыздылығы және ерекшеліктері жағынан сан алуан әлеуметтік мәселелер көтерілді. Бұл кейстер кейбір себептермен мемлекет және бизнес жағынан жеткілікті дәрежеде қамтылмаған.
Дөңгелек үстелдің модераторы, AlmaU әлеуметтік кәсіпкерлік зертханасының меңгерушісі Нұржан Альжанова зертхананың қызметі туралы, Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік келешегі жайында айтып берді. Соңғы жылдары кіші және орта бизнесті дамыту көрсеткендей, Қазақстанда енді ғана жетіліп келе жатқан әлеуметтік кәсіпкерліктің кейбір мәселелерге тіреліп отыр, соның ішінде нормативтік-құқықтық қамтамасыз етумен теңдес ӘК мәртебесі заңды түрде белгіленбегені болып тұр, сонымен қатар қаржы тапшылығы. Жоғарыда айтылғандарға қарап, Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер қызметін заңды түрде реттеу мәселесі туындап отырғаны анық.
Сонымен қатар әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдері билікпен байлныс жасағылары келгенде үнемі кездестіретін бірнеше мәселе көтерілді. Әлеуметтік кәсіпкерлердің зертхана сайтында ұсынған кейстерін талдаған кезде туындайтын басты мәселелер - қаржылық қорға қол жетімділік, жалға баспана алу. «Әлеуметтік кәсіпкерлікке нормативті анықтама берудің маңыздылығы зор, - дейді Н. Альжанова .
Талқылау барысында шетелдік тәжірибе тақырыбы да қозғалды, атап айтқанда, Германия жайында, мұндағы әлеуметтік сала нақты мемлекеттік саясаттың арқасында жоғары деңгейге жеткен (бұл тақырыпта Reichmuth Philipp баяндама жасады).
Өз аймақтарындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға байланысты Қостанайдан келген жастар ұйымының өкілдері әңгіме етсе (Симаков, С. Д., Ковтун Н.В.), Орталық Азияның Еуразия Қоры өкілдерінің зерттеулерінде (Тагатова А. С.) Атырау облысында әлеуметтік кәсіпкерлікке қандай қолдау көрсетілетіні туралы айтылды.
Бизнес пен биліктің арасындағы байланыс туралы Ресейден келген сарапшылардың зерттеулері ерекше қызығушылық тудырды (Грибачев Б. В., Екатеринбург қ.), әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу бойынша зерттеуі де ерекше қызығушылық тудырды (Войнова О. А., Омбы қаласы).
Әлеуметтік кәсіпкерлер жобалары дөңгелек үстелде ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсарту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мәселелерін көтерді. Шаруашылық дағдылары бар, білімді, нарықта шеберлікпен өз орындары тауып, өз өнімдерін сата алатын фермерлердің жаңа ұрпағын қалай өсіруге болады? Ауыл тұрғындары қалаға ұмтылмай, ауыл шаруашылығын дамытулары үшін не істеу керек? «Еңбекшіқазақ ауданы жергілікті қауымдастығының Қоры» әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерінің миссиясы - осындай мәселелерді шешу. Бұл Қазақстандағы бірегей жоба (Ельчибаева Бахытгүл).
«Өмір жолы -шұғыл көмек жүйесі» әлеуметтік жобасы ерекше қызығушылық тудырды,- Қазақстан азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған. Бұл жоба – егде адамдарға, мүмкіндіктері шектеулі жандарға жасалатын арнаулы әлеуметтік көмек, оның мақсаты- дер кезінде жедел көмек көрсету (Ернар Нұрбеков).
Психологиялық көмек көрсету, оңалту және әлеуметтендіруге байланысты көптеген әлеуметтік жобалардың арасында «Invamade» жаңа жобасы ерекше орын алды, оның негізгі әлеуметтік міндеті – ерекше қажеттілігі бар адамдардың шеберлігін арттырып, оларға баламалы табыс көзін ұсыну (Халилова Айжан).
Дөңгелек үстелге қатысушылар бірлескен Тұжырымдамада көрініс табатын бастамалар мен ұсыныстарын Алматы қаласының әкімдігіне арнап айтты.
Конференция аясында «Invamade» жобасының мүгедектері жасаған заттар мен әшекейлерді, ойыншықтар, кәдесыйлықтар, сөмкелер мен аксессуарларды сату көрмесі ұйымдастырылды.