Алматы Менеджмент Университетінде «Урбан зебра» пайдаланылады

Жаңалықтар

Қараша 19, 2019

Алматы Менеджмент Университетінде «Урбан зебра» пайдаланылады

18 қарашада университет маңайында "Урбанистика және City management" факультетінің студенттері Алматы қаласының Урбанистика орталығымен және Q-lab қалалық жобалар зертханасымен бірге жаңа креативті арт-нысанды ұсынды. 

Воркшоптың мақсаты іс жүзінде  және көрнекі түрде тактикалық урбанизм* қалай жұмыс істейтінін көрсету және urban space түрінде студенттер үшін демалыс аймағын орнату болды. Арт-кеңістікті  жасауға студенттер және Q-lab қалалық жобалар зертханасы басшысының орынбасары Айнұр Жұбанова, Алматы қаласы Урбанистика орталығының сәулетші-урбанисті Зарина Даулеткан, қалалық көлік жөніндегі маман Роман Барабанов, сондай-ақ Алматы Менеджмент Университетінің  ректоры Курганбаева Гүлмира Аманжолқызы қатысып, атсалысты.

Зарина Даулеткан: "Біздің жұмыс тәжірибемізде бір ақпарат жайлы жай ғана айтудан гөрі, шынайы түрде-өмірдегі  мысал арқылы  көрсету дұрыс  деп есептейміз. Жақында ғана Мемлекеттік және қоғамдық саясат мектебінің жанында урбанистикаға байланысты факультет ашылды.  Бұл арт-нысан университетте осы бағытқа  байланысты жұмыстардың жүргізілетіндігін білдіреді. Сондай-ақ қалада айналаны қауіпсіз етуге, жаяу жүргіншіге жағдай жасайтын және жол көлік оқиғасының  санын қысқартатын жобалар жасауға болатынын мысал ретінде көрсету болып табылады".

Көлік тұрағының  орнында студенттер кофе ішетін, түскі ас ішетін және бір-бірімен сөйлесіп бірге уақыт өткізетін** парклеттер орналастырылатын болады.

Роман Барабанов: "Аталған парклеттер қала тұрғындарына әдеттегі машиналар тұратын  кеңістікке басқаша қарауға көмектеседі. Оның орнында терезелері көлік тұрағына қарайтын орындар, дәмханалар ұйымдастыруға, жергілікті тұрғындар арасында,  қандай да бір акция өткізуге болады. Осылайша, адамдар машина қоятын  жерге басқаша көзқараспен қарайтын болады. Олар оны бағалай бастайды. AlmaU-да біз жаяу жүргіншілердің жолымен  келе жатқан адамды көріп, байқауы үшін тротуарлық мыс жасадық. Егер көлік жаяу жүргінші өтетін жердің  алдында тұрса, ол  адам көрінбейді. Мұндай жағдайда жаяу жүргінші байқалмай, жүргізуші не істерін білмей, аз уақыттың ішінде жолаушыны қағуы мүмкін. Ал аталған  парклеттердің арқасында  мұндай жағдайдың алдын алуға мүмкіндік бар"-деді ол.

Студенттердің бұдан кейінгі міндеті - арт - кеңістіктің жұмысын, оның тиімділігін, айналадағы  адамдардың пікірін және жалпы алғанда, жобаның жұмысын бақылау. Мұны қадағалау, сондай-ақ жобаның жұмысына түзетулер енгізу өте маңызды болып табылады. AlmaU - студенттерді урбанистика түрлерімен таныстырады және пайдалы да креативті воркшоптар ұйымдастырады! Естеріңізге сала кетейік, AlmaU –да 2019 жылы "Урбанистика және City management" факультеті  ашылған, университет -мұндай       мамандығы бар  Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны болып табылады»-деді.


* Тактикалық урбанизм (Tactical Urbanism) - жергілікті аудандар мен қалалық орындарды жақсарту үшін  құрылыс салынған жерлерде қымбат емес уақытша өзгерістер жасау болып табылады.

** Парклет-бұл ірі қалаларда, атап айтқанда, тротуардың жалғасы ретіндегі жерге іскерлік аудандарда шағын демалыс аймағын орналастыру.

Бөліс: