AlmaU ғалымы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаевпен Ұлттық Ғылым академиясында өткен кездесуге қатысты
21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б. Ә. Сағынтаевтың еліміздің 50 жас ғалымдарымен алғашқы кездесуі өтті.
Іс-шараға Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары мен ҒЗИ жас ғалымдары, Үкімет басшысы мен министрлер қатысты. Almaty Management University атынан кездесуде "Мемлекеттік және қоғамдық саясат пен құқық" кафедрасының доцент-зерттеушісі, PhD докторы Д.Б. Сапарғалиев сөз сөйледі.
Данияр Болатұлы кездесуге қатысушыларға елдегі ғылыми кадрларды жаңарту және жақсарту бойынша нақты іс-қимылдарды ұсынды, ол үшін "Диссернет" қауымдастығымен бірге ынтымақтастықта 1992 жылдан 2011 жылға дейінгі Қазақстанда қорғалған барлық кандидаттық және докторлық диссертацияларды плагиатқа тексеруді жүзеге асыру керектігін, сондай-ақ ғылыми дәрежелер мен атақтан айыру ережелерін әзірлеу және қабылдау қажеттігін айтты.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың 28 қыркүйегінде "Диссернеттің" негізін қалаушы Андрей Заякин AlmaU студенттері мен оқытушылары үшін ашық дәріс өткізіп, "Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы академиялық адалдық: мәселелер мен шешімдер" атты тақырыпта дөңгелек үстелде спикер болып сөз сөйледі. https://www.almau.edu.kz/news/osnovatel_disserneta_provel_lekciyu_v_almau-12241
Сондай-ақ 2018 жылдың 4 қазанында AlmaU "Академиялық адалдық лигасы" жоғары оқу орындары қауымдастығы атынан заңды тұлғалар бірлестігінің тең құрылтайшысы болып сайланды.
https://www.almau.edu.kz/news/almau_stal_souchreditelem_ligi_akademicheskoi-12245