«Туризм –Қазақстан дамуының драйвері» тақырыбында: AlmaU-да дөңгелек үстел өтті
5 желтоқсан күні AlmaU-дың ғылыми кеңес залында «Туризм –Қазақстан дамуының драйвері» тақырыбында кезекті дөңгелек үстел өтті.
Қазақстан өзінің тамаша табиғатымен және көркем де көрікті жерлерімен танымал екені барлығымызға белгілі. Осыған байланысты мемлекет жергілікті тұрғындарды және шетелдік туристерді тамаша табиғатпен таныстыру үшін осы саланы дамытуға тырысуда. Мысалы, AlmaU-дың Қонақжайлылық және туризм мектебінде осы саланың білікті мамандарын даярлайды. Бұл үрдіс еліміздің көптеген жоғары оқу орындарындарында да байқалады.
Аталған іс-шараның мақсаты студенттердің назарын осы салаға аудару. Қазақстан аумағындағы көрікті жерлерге бару үшін қолайлы жағдай туғызу керектігіне көңіл бөлу болып табылады.
Іс-шараның спикерлері:
- Раушан Ибрагимова –“TUMAR-TRANS” туркомпанияның директоры
- Ерлан Сыздык- Түркістан облысы бойынша туризм саласының тәуелсіз сарапшысы, “Туран ТВ” телеканалының редакторы, “Оңтүстік аңыздары” экспедициясының авторы, “Номад Эксплорер” экспедициясын ұйымдастырушы
- Жандос Нурбеков “Nomad”– этно орталықтың басшысы
- Ольга Зорина – журналист, редактор, блогер, ивент-ұйымдастырушы (“Ветер странствий”журналы)
- Еркін Бейсекей –PhD доктор, Qazaq Eli Travel турагенттігінің бас директоры
- Римма Дуйсенгалиева –“Жібек Жолы компаниясы” ЖШС-ның жетекші менеджері
Жандос Нурбеков: «Отырықшы халық табиғатты өзіне бағындырғысы келді, ал көшпенділер табиғатпен бірлестікте, үйлесімде өмір сүре білді».
Сарапшылар «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығының студенттерімен төмендегі тақырыптарды талқылады:
- Қазақстандағы ішкі туризмді ұйымдастыру және дамыту
- Керуендер. Аңыздар. Таулар. Түркістан облысының жаңа бағыттары
- Этнотуризм- ішкі туризмнің басты бағыттарының бірі
- Қазақстандағы ішкі туризм-Алматы, Шымкент, Түркістан
- Қазақстан Республикасындағы туризмды дамыту мүмкіндіктері
- Алматы облысында туристік маршруттарды ұйымдастыру мен өткізуде қалалық және ауылдық сегменттердің өзара бірлескен жұмыстары
- Спикерлер еліміздегі ішкі туризмді дамыту жайлы айтты. Түркістан және Алматы облыстарында жаңадан ашуға болатын туристік бағыттар жайлы сөз қозғады. Кеш соңында “ Жібек Жолы Компаниясы ” ЖШС-ның жетекші менеджері Римма Дуйсенгалиева қорытынды жасап, студенттерді жаңа бизнес-жоспар жасауға шақырды.
"Қалалар мен ауылдардың арасындағы шектеулерді жою керектігін айтты. Ауылдық жерлерде туристік нысан салардан бұрын оны алдымен талқылап, ойлап істеу керек деді. Келушілер, туристер санын ескеру қажеттігін айтты. Бізге еуропалықтар елімізбен ішкі жақтан етене танысу үшін келеді, бізбен қарым-қатынас жасау үшін келеді деді. Бірақ шетелдік азаматтың қажеттілігін жақсы түсіну үшін алдымен өзіңнен бастау керек. Жергілікті тұрғындарды жұмысқа шақыру қажет. Сұранысты ескере отырып, іс-қимылға көшу керек, өйткені салт-дәстүрімізді тереңнен көрсеткен сайын, соғұрлым қызықты бола түседі".
Аталған дөңгелек үстел Алматы Менеджмент Университеті студенттері үшін өте пайдалы болды. Олар аталған саланың білікті, «тіс қаққан» мамандарынан туристік бизнестің қыр-сырын, құпиясын естіп, білді.