Үшінші форсайт-сессия: кретивті индустрия, ақпараттық технологиялар және коммуникация
23 қазан 2023 жылы Алматы Менеджмент университетінде кретивті индустрия, ақпараттық технологиялар және коммуникация салаларындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласын құруға арналған үшінші сессия басталды. Форсайт сессия аясында фокус-топ зерттеу жұмысын жүргізеді. Оған AlmaU, Satbayev University, Алматы қаласын дамыту орталығы қатысады.
Бұған дейінгі сессияларда құрылыс және сәулет, логистика, сервис және қонақ үй бизнесі сияқты маңызды салаларды қамтып өткен еді. Екі күнге созылатын ғылыми-зерттеу жұмысы аясында алдағы 10-15 жылға арналған болашақ мамандықтардың тізімі анықталады. Бұл шара Алматы қаласын дамытудағы келешегі бар кәсіптер мен құзыреттерді анықтау үшін маңызды.
Сессияның ашылу рәсіміне AlmaU ректоры Гүлнар Күренкеева, Алматы даму орталығының «Инклюзивті орта, білім және медицина» бағыты бойынша жобалық кеңсесінің жетекшісі Алия Маулешева, «Мамандығым – болашағым» республикалық жобасының жобалық кеңсесінің жетекшісі Жанна Тулегеновна, «Алматы қаласының жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы» жобасының жетекшісі Дана Шаяхмет және өзге де қонақтар қатысты.
«Алматы қаласының жаңа мамандықтары мен құзыреттерінің атласы» жобасының жетекшісі Дана Шаяхмет: «Біз өзімізді жаңа бағыттар ашуға ұмтылатын озық университет ретінде танытамыз. Креативті индустрия, IT және байланыс біз үшін маңызды салалар».
Гүлнар Тұрдалықызы алғаш сөз алып, сессия мен ауқымды зерттеудің қоғам үшін маңыздылығын ерекше атап өтті: «Біз адамдарды өзгертуіміз керек, білім арқылы адамды тәрбиелеуіміз керек».
Одан әрі «Бүгін біз кәсіпкерлік пен білім беруді дамытудың стратегиялық жобасын әзірлеуге негіз болатын маңызды талдау жұмыстарын жүргіземіз», - деп Алия Маулешева жалғады.
Жанна Тулегеновна жұмыс барысын таныстырып, қатысушыларды топқа бөлді. Олар сессияға қатысушылармен бірлесе отырып, идеяларды қалыптастыруға көмектеседі.
Естеріңізге сала кетейік, Форсайт сессияның алғашқы отырысы 2023 жылы 27 қыркүйекте өтті. Аталмыш жоба ҚР Үкіметі қабылдаған «Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде іске асырылып жатыр.