AlmaU-да AIFC BCPD «Fintech Lab» ашылу салтанаты
2019 жылдың 29 наурызында Almaty Management University-де «Fintech Lab» зертханасының ашылу салтанаты өтті.
"Fintech Lab" зертханасы Алматы Менеджмент Университеті мен "Астана" халықаралық қаржы орталығының үздіксіз кәсіби даму бюросының (АХҚО бюросы) бірлескен жобасы болып табылады.
Зертхана ақпараттық технологиялар (блокчейн, машиналық оқыту), қаржы, инвестиция және қаржы қызметтері саласындағы отандық мамандарға өз біліктілігін арттыруға, экономикалық және қаржы ғылымының, сондай-ақ халықаралық ғылыми қызметтің дамуын қолдауға көмек көрсету мақсатында ашылды.
Thomson Reuters EIKON бағдарламалық қамтамасыз ету арқасында "Fintech Lab" зертханасының пайдаланушыларында Машиналық оқыту құралдарының көмегімен қаржылық талдауды (визуализация, жіктеу, деректерді кластерлеу, нейрондық желілерді құру) орындау мүмкіндігі болады.
Сонымен қатар, зертхана мемлекет пен ірі бизнес үшін (банктер, сақтандыру компаниялары) коммерциялық негізде блок-келісімшарттар, деректерді сақтау жүйелері, аукциондар және т.б. негізде бағдарламалық өнімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.
Осындай маңызды зертхананың ашылуына докторанттар, магистранттар, студенттер, сондай-ақ барлық белгілі тұлғалар жиналды. Іс-шара АХҚО өкілдерінің AlmaU ректоры Гүлмира Аманжолқызымен кездесуімен басталды. Іс-шараның салтанатты бөлімін ректор Гүлмира Курганбаева жиналған қонақтардың алдында құттықтау сөз сөйлеуімен басталды. Одан кейін "АХҚО Әкімшілігі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Bureau for Continuing Professional Development Ltd атқарушы директоры Ернұр Рысмағамбетовке сөз берілді. Сондай-ақ Refinitiv негізгі клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер Қуаныш Нұрқанат сөз сөйледі. Сонымен қатар, салтанатты рәсімде қызыл лентаны дәстүрлі түрде кесу рәсімі өтті.
Салтанатты бөлімнен кейін AIFC BCPD-AlmaU Fintech Lab тұжырымдамасының тұсаукесері өткізілді. Тұсаукесер барысында қонақтарға зертханамен, оның стратегиялық тұжырымдамаларымен және мүмкіндіктерімен жалпы таныстыру жүргізілді.
Гүлмира Аманжолқызы "қаржылық" стартаптарды құру зертханасының идеясы кәсіпкерлік білім берудің көшбасшысы саналатын кәсіпкерлік университет AlmaU –дың бастамасы деді. Бұл іс университеттің даму жөніндегі миссиясымен тығыз байланысты.
Негізгі мақсатпен қатар "Fintech Lab" зертханасы шеңберінде қаржы нарығының мамандарын оқыту және сертификаттау, экономика және қаржы саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту, біздің ЖОО мектептерінің оқу жоспарлары мен силлабустарын жақсарту сияқты міндеттер іске асырылатын болады.
Осылайша, зертхана жоспарында маңызды, ауқымды және ең бастысы қызықты әрі биік міндеттер тұр. Almaty Management University біздің серіктестерімізге – "Астана" халықаралық қаржы орталығына, сондай-ақ үздіксіз кәсіби даму бюросына "Fintech Lab" зертханасын ашуға және құруға қолдау көрсеткені үшін жеке алғыс білдіреді!