Дағдарыс кезінде басқаруды дамыту. Дәл солай!
2015 жылдың 23-26 қыркүйегінде Алматыда 23-ші Жылсайынғы CEEMAN Конференциясы өтеді. Конференция тақырыбы: "Оқшаулану Жаһанданудың көшбасшылығына қарсы және серпінді дамып жатқан қоғамдағы менеджментті Дамыту". Конференцияны ұйымдастырушылар CEEMAN (Словения) және Almaty Management University ( бұрынғы ХБА, Алматы).
Бір қарағанда, конференцияның атауы онша түсінікті емес әрі дәл қазіргі уақытта тақырыптың өзектілігі күмән тудырады. Дегенмен, нақтырақ қарайтын болсақ, дәл қазір Қазақстанға бұрын соңды болмаған жаңа көзқарас керек, соның ішінде қазіргі экономикалық жағдайға да.
Бірінші, СЕРПІНДІ ДАМЫП ЖАТҚАН ҚОҒАМ, DS (Dynamic Societies) деген не, содан бастайық. Бұл біз бұрын «дамып жатқан елдер», «транзитті экономикалық елдер» деген түсініктің бүгінгі заманауи дұрыс түрі. Конференцияда сіздер неге Сингапурды да Қазақстан сияқты DS –ке жатқызуға болатынын, ал Қытай оған жатпайтынын білесіздер.
ОҚШАУЛАНУ МА немесе ЖАҺАНДАНУ МА? Бұл сұрақ бүгінгі таңда өткір мәселенің бірі болып отыр. Егер 10 жыл бұрын жаһанданудың қажеттілігі күмән тудырмаған болса, ал қазір бәрі бұрынғыдай біржақты емес. Уақыт көрсеткендей әлемде бір ғана көшбасшы жоқ, болмайды да, әрбір мемлекет басқаша өмір сүруге, ойлауға, дамуға құқылы.
МЕНЕДЖМЕНТТІҢ дамуы. Қанша ақша, ақылды бас болса да, дарынсыз менеджментпен осының бәрі жоқ болады. Менеджментті дамытпай елді жаңа деңгейге көтеру мүмкін емес, әсіресе, бұл дағдарыс кезінде, ресурстар тауып, мәселеге шығармашылық көзқараспен қарау керек кезде, бұрын ойлап көрмеген жерден жаңа мүмкіндіктер табу.
Асылбек ҚОЖАХМЕТОВ, Almaty Management University Президенті: «Девальвация болады және өтеді, кетеді. Ел қалады. Менеджерлердің көзқарасы , экономиканы басқаруға көзқарасы маңызды, маңыздысы, ел қандай идеяны ұстанады, оны қалай басқарады және қалай ілгерілеп жатыр, міне осы маңызды. helicopter view (тікұшақтан көрініс) деген нақышты сөз бар. Шынында, сіз тікұшақтан ғана мынадай көріністі тамашалай аласыз: жол шағын алаңқайды екіге бөліп тұр, бір жағында- қалың өскен бидай, ал екінші жағында – ой- шұңқыр. Жаңбыр бәріне бірдей жауған делік, жер де бірдей, мәселе сонда, бұл жердің қожайындары әртүрлі. Біз олардың және өзіміздің көзқарастарымызға « helicopter view-ден» қараймыз. Олар насихаттайтын құндылықтарға, өзімізде бар құндылықтарға сол жоғарыдан қараймыз. Көрейік, біздерде ортақ не бар, қандай айырмашылық бар және де олардың тәжірибесін қаншалықты бізде қолдануға болатынын көрейік».
Конференцияда кәсіпкерліктің , инновациялардың, басқарушылықтың дамуы сияқты ғаламдық мәселелер талқыланады; басқару мен көшбасшылыққа жаһандану мен оқшаулану теңгерімінің ықпалы; бизнес пен қоғам қажеттілігіне және қарсылықтарына сай басқаруды дамыту.
23-ші CEEMAN конференциясының спикерлері: Жан-Пьер Леманн, Evian тобының негізін салушы, Швейцария; Рено Шамональ, Қазақстандағы Француз іскерлік қауымы Ассоциациясының президенті (ACFAK), «Danone Berkut" компаниясы президенті; Дипак Джейн, Сасин іскери әкімшілік Жоғары мектебінің директоры, Таиланд; Хельмут Шутте, Қытай-Еуропа Халықаралық Бизнес Мектебінің вице-президенті және деканы, Қытай (CEIBS); Ирина Сенникова, CEEMAN вице-президенті, Рига Халықаралық Экономика және Іскери Әкімшілік Мектебінің ректоры, Латвия (RISEBA) және тағы да басқалар.
Конференция жұмысына 39 елдің 150 өкілі қатысады: университеттердің және бизнес мектептерінің басшылары, бизнес құрылымдардың өкілдері (KPMG Kazakhstan, Raimbek Group, Kusto Group, McKinsey Kazakhstan және тағы басқалар), мемлекеттік ұйымдар, Қазақстан Республикасындағы елшіліктердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері.
Конференцияның жұмыс тілі – ағылшын, орыс тіліне ілеспе аударма жасалады.
БАҚ үшін баспасөз мәслихаты 2015 жылдың 24 қыркүйегінде ( бейсенбі) сағат 19.15-те Rixos Almaty 5*қонақүйінде өткізіледі. Баспасөз мәслихатына қатысатындар:
- Әсет Исекешев, Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрі;
- Әлихан Байменов, БҰҰ-ның мемлекеттік қызмет саласында өңірлік хаб басқарушы Комитетінің төрағасы;
- Такир Балыкбаев, Қазақстан Білім және ғылым вице-министрі;
- Даница Пург, CEEMAN президенті;
- Юкка Максимайнен, McKinsey Kazakhstan басқарушы серіктесі;
- Асылбек Қожахметов, Almaty Management University Президенті (бұрын ХБА);
7.Чин Тионг Тан, CEEMAN басқармасының мүшесі, Алматы Менеджмент Университеті Қамқоршылар кеңесінің мүшесі және президентінің аға кеңесшісі, Сингапур Менеджмент Университеті.
Сонымен қатар, 23-ші CEEMAN конференциясы аясында Қазақстанның менеджментті дамыту Ассоциациясы құрылады (Kazakhstan Association for Management Development – KAMAN), ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен.
KAMAN Ассоциациясының құрылтай жиналысы 2015 жылдың 24 қыркүйегінде 16.30*-да Rixos Almaty қонақүйінде өтеді. Жиналысқа Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев және 50 қазақстандық ЖОО басшылары қатысады.
Өткізілетін орны: Rixos Almaty 5* қонақүйі.