Орал Федералдық Университет өкілдерінің келуі жайлы

Жаңалықтар

Желтоқсан 03, 2019

Орал Федералдық Университет өкілдерінің келуі жайлы

2019 жылдың 27 қарашасында AlmaU –да жұмыс сапармен Орал Федералдық Университетінің бірінші проректоры Д.В.Бугрова және бірінші проректордың орынбасары Д.Лоевский келді

 

Кездесуге AlmaU өкілдерінен  Ректор Г. А. Курганбаева, бірінші проректор А. М. Канагатова, ректор кеңесшісі А. Кауменова, Қонақжайлылық және туризм мектебінің деканы А. Әуезханұлы, менеджмент мектебінің деканы Л. Б. Жақыпбек, ғылым және даму департаментінің директоры Б. Алжанұлы, халықаралық кеңсе директоры А. Нұрғазина, халықаралық ынтымақтастық бағытының жетекшісі Д. Нелидова қатысты.

УрФУ Алматы Менеджмент Университетінің стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылады. ЖОО арасындағы серіктестік 2013 жылдан басталған. Қазіргі таңда екі университет арасында ынтымақтастық туралы келісім және студент алмасу бағдарламалары жүзеге асырылуда. УрФУ Екатеринбург қаласында- тарихи шаһарда орналасқан оқу орны. Келесі жылы университет өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтеді.

УрФУ және AlmaU жақын мерзімге арналған ынтымақтастықты күшейтуді жоспарлап отыр, атап айтқанда урбанистика, туризм және қонақжайлылық, цифрландыру саласындағы қос диплом бағдарламасын дамыту; бірлескен жобаларды іске асыру; жазғы мектептерді өткізу; онлайн курстар контентімен алмасу; ПОҚ алмасу және студенттермен алмасу бағдарламалары бойынша жұмыс істеу.

Аталған жұмыс сапары барысында  Дмитрий Витальевич Бугров студенттерге "туристік-рекреациялық жобалаудағы мемлекеттік және жеке серіктестік: мәселелері және оның болашағы" (Ресей Федерациясының тәжірибесі бойынша) тақырыбында қонақ дәріс оқыды.

 

Бөліс: