AlmaU өкілі Түркияда Сабанчи Университетінде болды
Осы күндері Алматы Менеджмент Университеті Базалық дайындық факультетінің деканы Асылбек Нұргабдешов түркиялық университеттер өкілдерімен кездесіп жатыр. 8 сәуірде AlmaU өкілі Sabanci University-дің деканы және академиялық мәселелер бойынша проректорымен арнайы кездесіп, active learning әдісіне AlmaU оқытушыларын оқытатын екі апталық семинарды өткізу бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Active learning – бұл оқудың нәтижесіне жауапкершілікті білім алушының өзіне жүктеуге бағытталған тәсіл. Оқытушылар ақпарат беруші емес, дұрысы – арадағы жол сілтеуші, бағыт беруші ғана болуы тиіс. «Аctive learning» ерекшелігі – бұл өз бетінше білім алу және оны студенттік топтарда жұмыс істеу арқылы дамыту.
AlmaU қазіргі уақытта active learning тәсілін білім берудің қағидасы ретінде қолданысқа енгізу мүмкіндігі жайында Sabanci University-мен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл студенттердің бойында өз бетінше жұмыс істеу дағдысын дамытады, оларды мәселелерді шешуге үйретеді. Сонымен, келешекте түлектер тек білім алып қана қоймайды, олар үйренгендерін күйзеліс, қиын сәттерде толық тәжірибе жүзінде қолдана алады.
Sabanci University 1996 жылдан бері жемісті жұмыс істеп келеді. 20 жыл ішінде университет өзін әлемнің үздік университеттері қатарына қосылған жетекші оқу орындарының бірі ретінде көрсетті ( QS World University Rankings нұсқасы бойынша) және әлемдегі үздік бизнес мектептердің бірі болып саналады ( AASCB International нұсқасы бойынша), сонымен қатар Түркияның ең инновациялық университеті болып табылады (Түркия Республикасы Ғылым, Өнеркәсіп және Технологиялар Министрлігі нұсқасы бойынша).
Sabanci University оқу үдерісінде active learning әдісін белсенді түрде қолданады, тәжірибе жүзінде осындай тәсілдеме өз тиімділігін дәлелдеген, түлектердің 95% бітіргеннен кейін бірден жұмысқа тұрады.
Осындай ынтымақтастық AlmaU оқытушыларына студенттердің қабілеттерін жақсырақ аша түсуге мүмкіндік береді әрі білім алушылардың меңгерулеріне тиіс материалдарын тереңірек түсінуге септігін тигізеді.