XXI ғасырдың ең қажетті мамандығы
Сіз Data Scientist дегеніміз не екендігін білесіз бе? Компанияларда бұл іске кім жауап береді? Бұл мамандар не істейді?
Data Scientist —Harvard Business Review журналының сілтемесі бойынша не себепті XXI ғасырдың ең сұранысқа ие кәсібі болып табылады?
23 ақпанда AlmaU Қазақстандағы мамандардың кездесу алаңына айналды, олар ақпарат пен сандар арқылы әлемді игеруде және үлкен деректермен жұмыс істеуде (Big Data) DS/ML meetup өкілдеріне бағытталған.
Big Data саласындағы үздік сарапшылар өз тәжірибелерімен және сараптамаларымен бөлісті. Олар индустрия деректеріне қатысты сұрақтарға жауап берді және осы индустрияда табысты мансап жолын құру үшін не қажет екенін айтты.
Бағдарламаның негізгі бөлігі Data Science және Machine Learning саласындағы бес жетекші сарапшының сөз сөйлеуі болды:
Катерина Рехерт, Data Scientist Kolesa Group, Microsoft-та жұмыс істеген, АҚШ-тағы Вашингтон Университетінде мәліметтерді сараптауды үйренген.
Prof. Dr. Adnan Yazici, Ph.D. in Computer Science Nazarbayev University, Tulane University, USA докторлық дәрежесін алған.
Егоров Илья, Технодомда Chief Data Officer
Ануар Акишев, DAR Tech басқарма директоры
Михаил Липкович, Big Data TRA Robotics жетекші инженер, EPAM Systems жетекші сарапшы қызметін атқарған, Ресей.
Centras Capital басқарма директоры Рашид Дюсембаев іс-шараның жүргізушісі болды.
Мәліметтер –жаңадан пайда болған мұнай тәрізді!
Үлкен сандық мәліметтер туралы әрбір мақалада орын алуда, дегенмен бұл мәселе өте өзекті және іс-шара барысында барлық спикерлердің сөз сөйлеулерінде негізгі ойды көрсеткен тіркес болды.
Кең аудиторияға мұндай деректерді мәлімдеу, аталған саланы дұрыс арнаға бағыттау болып табылады. Кез келген шикізат сияқты деректерді де өңдей білу керек. Статистика бойынша әлемдегі барлық мәліметтердің 5%-ы ғана өңдеуге ұшырайды. Бұл факт Data Scientist мамандығының құндылығын арттырады, бұл осы қызметке деген қызығушылық пен сұранысты арттырады және бүкіл әлем бойынша мамандықты алуға ынталандырады, сондай-ақ деректерді өңдеу және талдау дағдысын "hard skills"дәрежесіне жеткізеді.
"The Economist" журналы өзінің мақалаларының бірінде деректер XXI ғасырдың өсуі мен өзгеруінің негізгі факторы, сондай-ақ ол XX ғасырдың мұнайы сияқты маңызды деп көрсеткен еді. Бұл компанияның деректермен жұмыс істей алатын мамандарға деген сұранысын арттырады. Сонымен қатар Data Science және Machine Learning компанияның кірісін арттыруға ықпал етеді.
Айта кетерлігі, бүгінде мамандар Excel – мен жұмыс істеуді қойып, бизнес-аналитикаға арналған Power BI атты қуатты құралға басымдық беруде. Дағдыны дамыту және ашық байланыста болу DS/ML мамандар үшін негізгі кеңестердің бірі болып табылады, өйткені коммуникативтік дағдылар алынған ақпаратты түсінуге және дұрыс құрастыруға ықпал етеді.
Спикерлердің презентациялары аяқталғаннан кейін пленарлық мәжіліс өтті, оған сарапшылар да, қонақтар да қатысты.
Алғаш рет кең көлемдегі DS/ML Meetup ұйымдастырушылары- Data Science Academy Kazakhstan болды, Қазақстандағы DS/ML бойынша консалтинг және кәсіби курстарды Almaty Management University және Академик Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры ұйымдастырды. Бағдарлама барысында "Есенов оқулары"атты қонақ дәріс өткізілді. Кездесудің бас демеушісі-Centras Capital.