«Зерен-2019» республикалық жастар лагерінің алғашқы кезегі аяқталды
10 шілде күні Жастар жылының аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырған республикалық «Zeren 2019» жастар лагерінің алғашқы кезегінің ресми түрде жабылу салтанаты болды. Осы шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова ханым қатысты. Лагердің бірінші кезеңіне Қазақстанның 17 аймағынан 200 қатысушы жиналды.
4 шілдеден бастап 9 күннің ішінде әр топ 4 бағыт бойынша стартап-жобаларды әзірледі.
Ол жобалар келесі 4 бағыт бойынша дайындалды:
- «Азаматтық қоғамды дамыту»
- «Кәсіпкерлікті дамыту»
- «Жасыл экономика»
- «Креативті экономика және жаңа медиа»
Бүгін осы 36 жоба әділ қазы мүшелерінің назарына ұсынылды және бағаланды. Ұтымды деген 10 бизнес-идея аталып, ақшалай сыйлықтар табысталды. Сыйлық қоры 10 миллион теңгені құрады.
Алғашқы кезеңнің алға қойған мақсаты орындалды. Алдымызда екінші кезең күтіп тұр.