Темірлан Төлегенов: “Қазақстанда шоу-бизнес жоқ”

Жаңалықтар

Қазан 10, 2022

Темірлан Төлегенов: “Қазақстанда шоу-бизнес жоқ”

Темірлан Төлегенов – авторлық құқық саласында 20 жыл көлемінде жұмыс істеп жүрген білікті заңгер. Ол AlmaU-дың Медиа және кино мектебінде оқитын студенттеріне шығармашыл адам білуі керек заңдар барын айтып берді.

Заңгер кезінде ән жазып, гастрольдік сапарға шығып жүрген. Алайда бір кезде еңбегінің қолды болғанын байқайды. Осылайша сотқа арыз беріп, оны жеңіп шығады. Бұл елімізде автордың өз құқығын алғаш рет қорғап шығуы. Осы оқиғадан кейін Темірлан Төлегенов зияткерлік меншікті заңмен қорғаумен айналыса бастайды.

 

 

Қазақстанда шоу-бизнес жоқ

Интеллектуалды жұмыспен айналысатындар 2 қателікті жиі жібереді. Олар:
-құқықтарын жетік білмейді және құжаттармен жұмыс істей алмайды;
-бизнес туралы, өз еңбегін монетизациялау мүмкіндіктері жайлы білімге ие емес.

Эксперттің пайымдауынша осы сұрақтардың жауабын білмегендіктен бізде шоу-бизнес дамымаған. 

 

5 қағида

Зияткерлік меншік – нарықтағы артықшылық.
Аңқау, сенгіш болма, өз талантыңды бағала.
Келіссөз – шығармашылық процестің бастамасы.
Білікті маман – өз шығармашылығынан табыс көре алатын жан.
Өнер адамының қаламақысы жарнамасына байланысты.


 Ринат Айым

   

Бөліс: