Swiss Education Group AlmaU-ға келді
Swiss Education Group өкілдері AlmaU-да болып, Қонақжайлылық және туризм мектебінің студенттері үшін ақпараттық сессия өткізді.
04 қазанда AlmaU-ға М. Камилла Хоссейни, Еуропа SEG маркетинг және даму бөлімінің директоры және SEG Орталық Азиядағы өкілі Дастан Сейтқазин, сондай-ақ бағдарлама түлектері келді. Сапар барысында Қонақжайлылық және туризм мектебінің студенттері үшін шетелде білім алу бағдарламалары, қос диплом және Швейцарияда тағылымдамадан өту туралы ақпараттық сессия өтті.

Swiss Education Group әлемдегі жетекші 4 қонақжайлылық мектебін біріктіреді және швейцариялық қонақжайлылықтың үздік дәстүрлеріне негізделген. Қонақжайлылық, іскерлік және аспаздық өнерде 40 жылға жуық тәжірибесі бар ұйым.
Сол күні AlmaU топ-менеджменті мен SEG өкілдері арасында ресми кездесулер өтті. Тараптар ұзақ мерзімді академиялық серіктестік мәселелерін талқылады.
AlmaU атынан Жаһандық серіктестік жөніндегі проректор Кауменова А.Е., Қонақжайлылық және туризм мектебінің деканы Әуезханұлы А., Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Нұрғазина А.М., Академиялық Ұтқырлық бөлімінің меңгерушісі Қияш Н.Ш. қатысты. «Мейрамханалық бизнес және қонақ үй бизнесі» және «Туризм және іс-шараларды басқару» бакалавриат бағдарламалары бойынша оқитын 150 студент де болды.
AlmaU студенттерінің ағымдағы оқу жылының көктемгі семестрінен бастап SEG бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі бар.