Конрад Аденауэр қорының Sup-Place стипендиясына байқау

Жаңалықтар

Наурыз 11, 2022

Конрад Аденауэр қорының Sup-Place стипендиясына байқау

Жалпы ақпарат

Конрад Аденауэр атындағы Қор Sur-Place жергілікті стипендиясына конкурс жариялайды.

Конкурсқа кім қатыса алады?

Қазақстанның ЖОО-да (жоғары оқу орындарында) күндіз оқитын және конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтары қордың стипендианттары бола алады – бакалаврлар немесе магистранттар. Құжаттарды тапсыру кезінде қатысушының жасы 30-дан аспауы тиіс.

Конкурстық іріктеу кезінде еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысатын, белсенді өмірлік ұстанымы, кең дүниетанымы бар және көздеген мақсатына жете білетін студенттерге басымдық беріледі. Шет тілін білу құпталады, бірақ міндетті болып саналмайды.

Стипендияны төлеу мерзімі

Стипендия 1-6 айға беріледі (ұзарту мүмкіндігімен). Стипендия төлеу мерзімі әр жағдайда анықталады.

Стипендия мөлшері – айына 80 000 теңге.

Конкурстық іріктеу

Конрад Аденауэр атындағы Қордың болашақ стипендианттары екі сатылы конкурстық іріктеуден өтеді: төменде көрсетілген тізім бойынша құжаттарды тапсыру және сұхбаттасу болады.

Конкурсқа қалай қатыса алу керек?

Конкурсқа қатысу үшін электронды түрде құжаттардың толық пакетін (төменде көрсетілген) келесі электрондық поштаға жіберу керек: sps-kaz@kas.de

Құжаттарды қабылдау мерзімі жоқ, қабылдау жыл бойына жүргізіледі, дегенмен магистратура немесе бакалавриаттың соңғы курсының студенттері құжаттарды қарау мерзімдерін ескеруі керек. Өтініш беру кезінде және шәкіртақы төлеу мерзімінде стипендиат күндізгі бөлімнің студенті болуы керек.

Қажетті құжаттар тізімі

Толық тізімге келесі құжаттар кіреді (ағылшын немесе неміс тілдерінде):

1) Кандидаттың толтырылған сауалнамасы фотосуретпен (сауалнама нұсқасын www.kas.de сайтынан жүктеп алуға болады);
2) Түйіндеме;
3) Мотивациялық хат (2 парақтан артық емес);
4) Транскрипт (студенттің бағалары) (аударма міндетті емес);
5) Оқу орнынан алған анықтама қағазы (аударма міндетті емес);
6) Қосымшасы бар бакалавр дипломы (магистранттар үшін).

Сұхбаттасуға шақырылған үміткерлер құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуы қажет.

Қосымша ақпаратты sps-kaz@kas.de электронды поштасына, сондай-ақ +7 7172 925 630 байланыс телефонына хабарласу арқылы білуге болады.

Сізге сәттілік тілейміз!

Бөліс: